О-о, жасаған, не істемейді мас адам?..

О-о, жасаған, не істемейді мас адам?..

0739

Есік қоңырауының безек қаққан ащы даусы Жиенбетті шошытып оятты. Тілі таңдайына жабысып, қаталап, енді болмаса өлгелі жатыр екен. Орнынан сиыршылап сүйретіліп тұрып, аяғын әлтек-тәлтек басып, бірден ас үйге беттеді. Келді де, су толы шелекке бас қойды. Су бетінде бірнеше тарақан мен жынды көбелектің өлі денелері жүзіп жүр екен, бұл оған қараған жоқ, ындыны кебе сылқылдата жұтты. Қоңырау тағы ішегі үзілердей шарылдап қоя берді.

– Таң атпай астынан су шыққан, бұл қай әкеңнің... – деді. Ол бұл сөзді ішінен айтты ма, әлде дауыстап айтты ма, оны өзі де ажырата алмады. Қорғасындай ауырлап кеткен басын қос  қолдап қысып келіп есікті ашты. Қарсы алдында ыржия күліп, жан досы Қоқым тұр.

– Тірісің бе, ей, – деді келімсек аяғын шешіп жатып. Сөйтті де, ішкі бөлмеге кіріп кетті. Жиенбет есікті жауып, бөлмеге енгенде, стол үстінде тұрған бір жарты шөлмекті көрді. Қуанғаннан лезде бойында ширақтық пайда болды.

– Құй, құй дереу, – деді қалтыраған дауыспен.
Қоқым шөлмектің темір қақпағын күрек тісімен жұлып алып, түкіріп тастады да, айғыр стақанға лықылдата құйды.

– Тол... толтыра құй, басым сынып барады.

– Алдымен жартылай іш. Алқаш неме, босқа құсып тастап, арақты ысырап қыласың, – деді Қоқым. Жиенбет стақанды екі қолымен қапсыра қысып тұрып, таңдайы тақылдап жұтып салды. Ішіп болған соң әдеттегідей мұрнын тыржитып еді, екі ұрты мен маңдай терісі жиырылып, қатпар-қатпар болып кетті. Сол заматта маңдайынан суық тер бұрқ ете түсті. Тынысы кеңіп, денесіне қан жүгіре бастады. Сәл-пәл есін жиған соң:

– Шын доссың ғой, Қоқа, сен келмегенде өліп кетуім мүмкін еді, – деді риза көңілмен.

– Өлтірмейін деп келдім ғой мен. Егер өле кетсең, артыңнан жоқтау айтып жылайтын қатының да жоқ. Кеткен қатының «мынау үй маған қалды» деп қуанар қайта.

– Оның рас, – деді Жиенбет. – Жалғыз жанашырым өзіңсің. Неге тұрсың, құй тағы да.

Екінші стақанды ішкеннен кейін Жиенбеттің жанарына қан жүгіріп, көзі шырақтай жанды.

– Ал тік айт, түнде не болды, той қалай тарқады? Мен есімді білмей қалыппын.

Қоқым дереу күлкісін тыйып, түсін суытып алды.

– Арақты іше алмайтының бар, тойға несіне бардың? Масқара болдың ғой, масқара.

Жиенбеттің жаңа кіре бастаған өңі қайта сұрланды.

– Е, е, мен не істедім, нені бүлдірдім? – деді сасқалақтап. – Рас, мас болып қалыппын, есімде жоқ.

– «Не істедім?» дейсің. Адам өлтіргеннен басқасының бәрін істедің. Өзің кімнің тойына барғаныңды білесің бе?

– Білем, білем, бастығымыз Қырекеңнің баласының үйлену тойына бардым. «Тойда ішпеген адам шпион» деп асаба қылқылдай берген соң... әрі Қырекеңнің көңіліне қарап...

– Мәселе сонда, – деді Қоқым. Сол көңіл жықпастығыңда болып тұр. Сені сыйлап, сөз беріп еді, құдалардың жеті атасынан бері құлатып боқтап бердің. «Қойыңыз, ақсақал» деп қасыңа келген асабаны аузынан бір қойып, қан-жоса қылдың.

– Апыр-ай, ә, менің қанша ішкенде де ондай мінезім жоқ еді ғой. Қалай болды өзі... ме... мен Қырекеңе тиіскен жоқпын ба? – деді Жиенбет, ұяттан жерге кірердей болып.

– Тиіскенде қандай, оған да аузыңа келгенді оттадың. «Сенің қатының қыз кезінде анау болған, мынау болған. Бастық болып қай бетіңмен жүрсің, жадыбас» деп айқайладың? «Орныңды мен тартып аламын» деп бөстің.

– Қап-ай, ә, – деді Жиенбет қатты өкініп, – ау, сонда сен қайда жүрдің? Аузыма шылымның қорабын тығып, сүйреп алып кетпедің бе? Итше тепкілесең де саған көнетін едім ғой.

– Алты жасар Алпамыстай болған албасты, сен кімге әл беруші едің. Мені де ішімнен бір ұрып талдырып тастадың. Ол аз болғандай дастарқандағы бүкіл арақ-шарап, ыдыс біткенді лақтырып, қаусаттың. Төрде отырған келінге барып, бетіне шампан шашып, торт жапсырдың. Ол байғұс жылап қашты. Ел той бітпей тарқап кетті.

– Құрыдым, – деді Жиенбет естен тана жаздап. – Қырекең енді мені құртады. Анада соңғы сөгіс алып едім, енді бітті, құрыған деген – осы.

Қоқым досының аянышты жүзіне біраз қарап тұрып:

– Құрымайсың, – деді секемді дауыспен. – Досың емеспін бе, мен бәрінің тігісін жатқызып келдім. Сен үшін құдалардан да, Қырекеңнен де кешу сұрап, кешірімдерін алдым. «Бұзылған, бетпақ қатыны балаларын да тастап, ашынасымен қашып кетіп еді, соның қайғысына шыдамай есі шығып жүр» дедім. Қысқасы, ең основнойы, Қырекең кешірді... Тек «мейрамхананың қаусаған ыдыс-аяғын, сынған столының құнын төлесін!» деді.

– Онысы қанша екен? – деді денесі сәл жеңілдеп.

– Мейрамхана бастығы шығынды бір мың долларға бағалап отыр екен. Соны төлесең, барлық күнәңнан арыласың.
Қоқым досының қатынынан қалған құндыз тонды көрші әртіс әйелге мың долларға сатқанын білетін. «Балаларыма киім аламын» деп жұмсамай тығып қойғанынан да хабардар еді.

– Төлейін, – деді Жиенбет. – Какраз менде мың доллар бар еді. Қазір-ақ апарып берейін.

– Жоқ, сен әзір Қырекеңнің көзіне түспе, – деді Қоқым.– Оны маған бер, мен апарып берейін. Сен бір айға демалыс сұрап, арыз жаз. Сол уақытта бәрі ұмытылады. Сені ауырып, ауруханаға түсіп қалды дермін. Арызыңды да Қырекеңнің қолына тапсырамын.
...Арыз бен баксты қалтасына басқан Қоқым көшеде жалғыз өзі жынды адамдай ыржаңдап күліп барады.

– Қазандай болған басыңды ұрайын, ақымақ, қарызға алған ақшамды қайтармай, сарсаңға салып едің, сауап қылдым-ау өзіңе, – деді риза болып.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста