Екiншi жұптың айтысы басталысымен-ақ қыза түскендей. Әуелi қарсыласына бiрден шабуыл жасаған Серiкзат кәдiмгiдей сөзтартыстың ортасына бiр-ақ түстi. Газеттiң кешегi санында арқыраған Айтақынның Серiкзатқа айтқан: «Жандарбек баламның да қолына су құюға жарамайсың», – деп келетiн түйреп түсер төрт шумақ өлеңiн жариялаған болатынбыз.
Басылымның бүгiнгi санына жiберген Серiкзаттың жауабы төмендегiдей түзiлдi. Бұған Айтақын не айтар екен?
Айтеке-ау, неменеге асқақтайсың,
Артықтау айтқан сөзден бас тартқайсың.
Балаңды сен мақтамай, ел мақтасын,
Әйтпесе бұл дүниеден дос таппайсың.
Кiм екен Айтақынның таз дегенi,
Бақсының бола бермес өз дегенi.
Ойланып тапқан жыры осы болса,
Шiркiннiң қандай болсын жазба өлеңi.
Бар екен жалған сөйлеу – зор кеселiң,
Жақсының топ жарғанын көрмес өзiң.
Арқырап қартайсаң да естiгем жоқ,
Жарқырап шапқаныңды мен де сенiң.
Көрiп ең не жамандық сақаулардан,
Тiлiмде бар дегенiң ақау, жалған.
Мен үшiн сақау болу артығырақ,
Ана тiлiн бiлмейтiн мақаулардан.
Қадiрлi Алаш оқырмандары! Жазбаша айтысты қалт жiбермей, қадағалап отырыңыздар!
Сiздердiң пiкiрлерiңiз ескерусiз қалмайды. Ақындарға қатысты талап-тiлектерiңiздi телефон қоңыраулары және хат арқылы бiлдiруге болады. Сөзiмiз түзу, рухымыз мықты болсын!
e-mail: alash_ainasy@mail.ru Факс: 8(727) 388-80-60. Тел.: 388-80-64
Редакция
«Балаңды сен мақтамай, ел мақтасын...»
Последние статьи автора