Әзiл сөзден әдiл сөзге дейiн

Әзiл сөзден әдiл сөзге дейiн

Астаналық Айбек Қалиев пен алматылық Рүстем Қайыртайұлы арасындағы екi аптаға созылған сөз сайысы мәресiне жеттi. Жазба айтыстың осы үшiншi жұбын сарапқа сала отырып, аз ғана межелi уақытта оқырманның көзайымына айнала бастаған жаңа жобаның өмiршең боларына көз жеткендей. Әуелде газет бетiндегi айтысқа күмәнмен қараған айтыскерлерiмiз де жазбаша додаға құлшынып отыр. Шорабек Айдаров, Бекарыс Шойбеков, Ринат Зайытов, Қарлығаш Әубәкiрова, Сара Тоқтамысова секiлдi  ақындарымыз кезек тосып отыр. Ал қашаннан берi қоғам шындығын қаймықпай айтумен айтыс жанашырларын баурап келе жатқан Айбек Қалиев бұл жолы да сайыстың арнасын күнделiктi өмiрде орын алып отырған келеңсiз көрiнiстер арқылы өрбiтуге ұмтылды.
Өзiмiз өзiмiздi жиi алдаймыз,
Кеудемiздi қағуға ұялмаймыз.
Өзiмiз тым болмаса қырғызға ұқсап,
Шалбар мен шұлық тоқып кие алмаймыз,
– деген тәрiздi ұлтты қамшылайтын шымыр шұмақтар соған дәлел.
Немесе:    
Ту астына жиналып түгел түркi,
Сақтанайық аю мен айдаһардан, – деген пайымдаулардың қаншалықты дер кезiнде айтылып отырғанын дәлелдеу қажет емес. Егер осындай құнарлы ойға құрылған өлең жолдары көрерменнiң көз алдында айтылса, шабытты ақынның ширыққан шумақтары шапалақпен шыңдала түсерi сөзсiз.
Жыр жолдарын образбен кестелеуге құмар Рүстем де қарсыласының ыңғайына жығылып:
Сол жерде көрген бүгiн құқайым көп,
Күн сайын қаптап жатыр қытайың кеп.
Қорғансыз қарлығаштай аз қазақты,
Айдаһар тұрғандай ма жұтайын деп, – деген қаупiн ортаға салып, Айбектiң ойын одан әрi дамытты. «Аталарың он үшiнде отау құрушы едi, сен екi мүшелiңде тiзеңдi құшақтап жүрсiң» деген қарсыласының астарлы қалжыңына:
Шоқпардай бабалардың бiз бүгiнгi,
Оқтаудай жiңiшкерген жалғасымыз, – деп мойынсұнуы жаңа қауымның, жас ұрпақтың намысын қайрауды мақсат етсе, одан әрi:
Iнiңе болып тұр ғой бiр қыз дәрi,
Ұлт қамы маған отау құрғызбады.
Базарын Астананың жаулап алған,
Нелiктен саудагердiң қырғыз бәрi, – деп әзiл жауаптың өзiн әлеуметтiк сипатпен әшекейлейдi.
Жалпыдан жалқыға жалт бұрылатын, әзiл сөзден әдiл сөзге аунап түсетiн осындай мiнездi өлең, қиыннан қисын тауып, қияға өрлеп кететiн шын шебершумақтар қашан да – айтыстың ажары, қызық көркi. Қос айтыскердiң тапқан олжаларын, уытты уәждерiн таразыға тартсақ, екi басы да тең түсетiн тәрiздi. Бұл жолғы сөз барымтасын төрелей келгенде айтарымыз – осы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста