Семейдегі Әнет баба атындағы орталық мешітте қала әкімі Айбек Кәрімов жамағат қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, жамағатпен бірге тарауық намазына қатысты.
– Ораза кезінде мұсылман бауырлар бір-біріне денсаулық, жақсылық, ел берекесі мен мемлекетіміздің тыныштығын тілейді, – деді Айбек Кәрімов. –Барлығыңызды осы қасиетті айдың басталуымен құттықтаймын. Тілек-дұғаларыңыз қабыл болсын!
Тарауық намазы тек Оразада ғана оқылатын намаз. Намаз оқылу кезінде бір ай бойы Құран қатым түсіріледі.
– Бұл айда құлшылық жасау мұсылмандардың қастерлі парызы. Алла бізге жақсылық берсін. Отбасыларыңызға тыныштық, жақсылық, береке тілеймін, – дейді Семей қаласының тұрғыны Бақыт Бекбосынов.
Семейде осы тарауық намазын оқуға ең озық, білімді деген қарилер, хафиздер шақылған. Жыл сайын Аллаға деген сенім, құлшылық жасаушылар қатары көбейіп келеді. Әнет баба атындағы орталық мешітке пітір садақасын беруші әрбір жанға мешіт қызметкерлері Құран оқып, дұға жасап, оразаның кестесі мен ішінде үгіт-насихат жазылған буклеттер сыйлауда.
Әкім халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Последние статьи автора