Жыныстық жиһад деген не сұмдық?

Жыныстық жиһад деген не сұмдық?

Тунис мемлекетінің жас қыз-келіншектері Сирияға – исламшы жасақшыларға «жыныстық қызмет көрсету» мақсатында аттанып жатқаны жайлы елдің Ішкі істер министрі Лофти Бен Джедду мәлімдеме жасағанда талай мұсылман жағасын ұстады. Министрдің айтуынша, әрбір әйел «жиһад әл-никах» жолында 20-30 исламшымен жыныстық қатынаста болады екен. Көпшілігі «жыныстық жиһадтан» жүкті болып оралып жатқаны айтылады. Министр бұл «жыныстық жиһадшылардың» санын анық айтпағанымен араб баспасөзінде мұндай «жиһадшы» әйел-қыздардың саны жүзден асады деген ақпарат беріліп отыр. Сирияның заңды сайланған президенті Башар Асадты тағынан тайдыруға бар күшін салып жатқан сәлафи-исламшылардың басшылары «жиһад әл-никахты» қолдап, шиаларға қарсы күресте әрбір айла-шарғы орынды әрі заңды деп есептейтінін мәлімдепті.

Дінтанушы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғұламалар кеңесінің мүшесі Абдулла қажы Жолдасұлынан осы «жиһад әл-никах» мәселесі бойынша пікір білдіруді сұрадық. Абдулла ұстаз: «Жиһад әл-никах» – ислам дінінде жоқ нәрсе. «Жыныстық жиһад» – нәпсі құлдығына берілген адамдардың жиіркенішті тірлігі. Бұл – дін жолындағы күресті сылтау етіп, тән құмарлығына бой алдырып, жүкті болу немесе тұрмысқа шығу мақсатында жүрген әйелдердің ұятсыз әрекеті. Уақытша неке суннилерде мүлдем жоқ, ал шиаларда уақытша неке «мутъа» деп аталады. Ал «мутъа» деген сөз қазақша мата дегенді білдіреді, бұл парсы сөзінің о бастағы мағынасы «керекті зат» дегенді білдіреді. Ханафи мазһабы, жалпы суннилер «жыныстық жиһадты» да, «мутъаны» да қабылдамайды, дұрысы – мұндай дінді жамылып, нәпсі құмарлыққа бой алдыруды қаралайды» - деді.

Бірде Ташкент қаласының бас имамы Әнуар қары Турсунов жұма намаздағы уағызында: «Кейде ауқатты кәсіпкерлер демалысқа кетіп бара жатқан едік, біздің некемізді қиып жіберіңіз, қолыңызды құр қалдырмаймыз» деген өтінішпен келеді. Мақсаттары – уақытша неке қидырып, нәпсісін тойындыру, ал бұл – зинақорлықтың бір түрі, бұған абай болыңыздар» деп қауымды үлкен күнәден аулақ болуға шақырды.

Тарихшылардың деректеріне қарағанда, бұдан 70 жыл бұрын жапон әскерлеріне «жыныстық қызмет көрсету» топтарын құрған адамдарды «адамзатқа қарсы қылмыс жасады» деп айыптап, жазаға тартқан екен. Ал бүгінде қолдаушы тараптар тунистік қыз-келіншектердің жезөкшелік әрекетіне соғыс жағдайында атқарылған гуманитарлық миссия ретінде қарауда.

«Жыныстық жиһад» жайлы хабарды батыстық басылымдармен қатар «Әл-Арабия» телеканалы да таратты. Суннилердің бірқатар сарапшылары: «Бұл кейбір араб елдері (Тунис сияқты) билігінің негізсіз, құйтырқы ақпараты, мұндай «жыныстық жиһадтың» шын мәнінде болған болмағанын ешкім басып айта алмайды»- дейді. Мұндайда фашизмнің бас идеологы Геббельстің «Чем наглее ложь, тем больше народ в нее верит» деген сөзі ойға оралады.
Қалай болғанда да «Жиһад әл-никах» деген терминнің ақпараттық айналымға енуі – батыстық-христиандық лагердің ислам әлеміне қарсы шоқпарына айналды. Ислам әлемін табалаушылар «Жиһад әл-никах» әрекетін ислам әскерлеріне қарсы пайдаланудың ұтымды жолы ретінде «жыныстық майдангерлерге» СПИД сияқты жаман ауруларды жұқтырып, мұсылман әскерлерінің қатарын мыңдап қысқартуға болады, әрбір «жиһадшы» әйел жүз адамды «жарақаттай» алады деп әжуалап жатыр. Өздерін «нағыз дін жолында» санап жүрген қандастарымыздың арасында да бірінің талақ қойған, яғни ажырасқан әйелін екіншісі өз некесіне алып, ол да біраз уақыт өткен соң талақ қойып, оны үшінші біреуі некесіне алып жатқан жағдайлардың бары ел ішінде сөз бола бастады. Әрине, мұндай сорақы тірлік – мұсылмандығымызға да, қазақылығымызға да сай келмейтін тірлік. Мұндай «заңдастырылған жезөкшеліктің» отырықты көршілер арасында кездесетінін ілгеріде анда-санда құлағымыз шалып қалатын. «Намазыңды оқы, басқа ғибадаттарыңды жаса, бірақ, ата-бабаң естіп-білмеген жаман әрекеттерден аулақ бол» деп ақылға шақырып отырған ақсақалдарымыз бен имамдарымызды тыңдайтын ол «нағыздарда» құлақ болса. «Теріскей» шағын ауданындағы мешітте имам бірде сол «нағыздарға» арнап әңгіме айтты. Сонда жамағат мүшелерінің бірі: «Сіздердің уағыздарыңыз арналған адамдарына жетіп жатқан жоқ, олар мұндай уағыздарды тыңдамайды, олардың қырсығы «жынмен кірген, ендеше ол жанмен шығады» - деді. Мұны айтып отырғанымыз «жиһад әл-никах» пен жыныстық азғындықтың арасы – бір-ақ елі... Ия, ХХІ ғасырдың соғысы –ақпараттық соғыс. Бұл соғыста жаңа, бұрын-соңды адам ойына келмеген идеологиялық қарулар пайдаланылып жатыр. Соның ішінде рухани азғындыққа итермелейтін әдістер де көбейе бастады. Ақпараттың мәні мен күші артып келе жатқан заманда әлі де болса ақпарат алаңында өз орнын иелене қоймаған қазақ қоғамына жіті қырағылық керек.

Сейіт Иматов

rgmedia.kz
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста