Жын-шайтаннан сақтана жүріңіз!..

Жын-шайтаннан сақтана жүріңіз!..

Зады, «ақырын жүріп, анық басқан» дұрыс қой. Әйтсе де «әркімнің керегіне (қарай) – мақсаты» да жоқ емес. Бірақ адам о баста не үшін жаратылғанын, нендей мақсаты барлығын, қайтсе бақыт күліп қарайтынын қаперге ілмейді. Содан ба екен, ол әр істе мүлт кетіп, сансыз қателікке ұрынады. Кейіннен «Шайтан азғырды ма?», «Түлен түртті ме?», «Жын қақты ма?» екен деп, әйтеуір сондай сауалдардың шырмауына түсіп, одан шыға алмастай күй кешеді.

Шыны керек, әлгіндей сауалдардың болуы әбден заңды. Өйткені құдіреті Алла Тағаладан бойын аулақ салып, едәуір ұзақтаған адам түрлі пәлекетке, орны толмас қасіретке тап болады. Алайда мұның байыбына барып, артын аңдап тұрған адам кемде-кем. Сондықтан, басқа былай тұрсын-ау, мұсылманның өзі бір-біріне қарсы шығып, қайдағы жоқ сұмдықтарды ұйымдастырып әлек. Бұларды кәдімгі азғындаған адамдардың қатарына жатқызсаңыз болар. Дұрысы, «мұсылман мұсылманның айнасы» еді.

Бүгінде шайтан мен жынның арбауына түсіп, соның құлаккесті құлына айналған адамдардан аяқ ала алмайсыз. Олардың қатары сирей ме десек, уақыт өткен сайын көбейіп барады. Құдды бір балалап жатқандай көрінеді. Шындығында да солай сияқты. Біз шайтаны бар, жыны бар қоғамда өмір сүріп жатыппыз. Қайткенде осынау пәлекеттен басыбүтін құтылып, одан қалай қорғанып жүрмекпіз? Осы жағына тоқталып кеткенді мақұл көрдік.

Негізінде, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті бойынша жын-шайтаннан сақтайтын бірнеше амал бар. Егер адам осы амалдарды орындап жүрсе, онда оған сол күні, тіпті кейін де жын-шайтан жақындамайды. Ол үшін әуелі сенімімізді нықтап, құлшылығымызды құлшынып қылған жөн. Яғни, құдіретті Алла Тағалаға сөзсіз иланбақ ләзім. Екіншіден, құран оқуымыз тиіс. Жалпы құран оқуды ұдайы жалғастырып, оны солай дағдыға айналдыру қажет. Осы жерде ескеретін бір жағдай, «Бақара» сүресін оқу, оның ішінде аталмыш сүренің «Әл-Курси» аятын және сүренің соңғы аяттарын (Әмәннәр рәсул) оқу маңызды болмақ. Бұл тарапта Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына хадистерін келтірсек орынды: «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар. Бақара сүресі оқылған үйден шайтан қашады» делінсе, басқа бір хадисінде: «Сен ұйықтар алдында. Аятүл Курсиді оқып жат. Алла саған күзетші қойып, таңға шейін шайтан жолай алмайды» және тағы да: «Түнде Бақара сүресінің соңғы екі аятын оқыған адамға сол жеткілікті» дейді. Оған қоса, Құранның «Фәлақ» және «Нәс» сүрелерін оқып жату керек. Бұған байланысты да Пайғамбарымыздың мына хадисі бар: «Көз тию мен жыннан сақтану үшін соңғы екі сүрені оқы».

Жалпы жын-шайтаннан сақтану үшін Алланы жиі еске алып, оны зікір ету керек. Қажет болса, Азан шақырып қойғанның артықтығы жоқ. Одан бөлек, «Лә иләһа илля-ллоху уахдаху ля шарика ляху, ляхуль мульку уа ляхуль хамду, уә һүә аля күлли шәйин қодир» деп үздіксіз 100 рет айтуға болады. Осы тұста бірқатар дұғалар да бар, олар төменде беріледі:

- Раббии әъуузу бикә мин һәмәзәәтиш-шайатыйин, уа әъуузу бикә рабби әй-йахдуруун (Мүминун, 97, 98).

- Әъузу бикәлимәәтилләәһит-тәммәти мин шәрри мәә халақ (Мүслім, Термези риуаят еткен).

- Әъузу билләәһи уа қудратиһи мин шәрри мәә әжиду уа ухәәзиру (Ахмет, Мүслім және Ибн Мәже риуаят еткен).

- Бисмилләһилләзии ләә йадурру маъасмиһи шәй’ун фил-арди уа ләә фис-сәмәә, уа һуас-сәмииъул-ъәлиим».

- Субханаллааһи уа бихамдиһи, уа ләә хәуләә уа ләә қууәтә илләә билләәһ, мәә шәә’аллааһу кәәнә, уа мәә ләм йәшәә’ ләм йәкун, әъләму әнналлааһа ъәләә кулли шәй’ин қадиир, уа әнналлааһа қад ахаата бикулли шәй’ин ъилмән».

Ғ. ТАСҚҰЛ 

mazhab.kz/kk/maqalalar/arturli/jyn-shaitannan-saqtana-juriniz-1088/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста