«Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер жай табады», (Рағыд, 28)
1) Алланың кәләмі – Қасиетті Құранды ықылас-ынтамен күніне бір бет болсын оқып тұру. Әрі Алладан амалда ықыласты болуды сұрап, дұға жасау;
2) Қоғамда жақсы жандармен бірге болып, олардың сөздері мен істерін үлгі тұту. Жеке қалған уақытта жасаған күнәларын еске алып, тәубе ету;
3) Өлімді және оның ащы дәмін сезініп, жәннат пен ондағы нығметтерді, тозақты және ондағы азаптарды үнемі еске алып жүру;
4) Әркез молаларды зиярат етіп, өлімді еске алу. Науқастар мен хәл үстінде жатқан жандардың жағдайынан хабар алып тұру;
5) Күнделікті өмірдегі көп күлу, көп сөйлеу, көп жеу сынды жағымсыз әдеттерден арылып, сауапты һәм пайдалы ғибадаттарға көбірек көңіл бөлу;
6) Жаратушы Алланы зікір етіп, жаратылысты пікір етіп, әсерлі насихаттарды тыңдауға дағдылану;
7) Алып аспан, төселген жер, ондағы сансыз нығметтер жайлы ой жүгіртіп, үлкен және кіші күнәлардан бойды аулақ ұстау.