Жұмысы ауыр кісіге ораза ұстамауға бола ма?

Жұмысы ауыр кісіге ораза ұстамауға бола ма?

Менің жұмысым ауыр, ораза ұстасам әлсіреп қаламын. Әрі жұмысыма ораза сәйкес келмейді. Сондықтан ораза ұстамай-ақ қойсам бола ма? Тағы бір сұрақ, тіс жұлдыру оразаны бұза ма?
Ерлан,
Атырау облысы
Оразаның өзінде нәпсімізге қиын келетін тұсы бар. Ораза мәнінің бір қыры да нәпсімізді басып, ноқталап, құлқынымыздың аш көздігін Алла ризашылығы үшін тәрбилеуде жатыр десек қателеспеспіз. Ендеше, жұмыс барысында ораза ұстау өлімге алып келетіндей қауіп тудырмаса немесе денсаулығымызға айтарлықтай нұқсан келтірмейтін болса, яки бас айналып, құлап қалатындай күйге түспесеңіз, аздап қиналатынымыз үшін Алланың бұйрығынан бет бұрғанымыз жөн болмас. Алла Тағала құдси хадистің бірінде: «Адам баласының барлық амалы өзі үшін жазылады. Алайда, оразаның жөні бөлек. Оның қарымын тек Мен беремін. Өйткені, ол тек менің разылығым үшін ішіп-жеуден бас тартты. Ораза ұстаған адамның екі қуанышты сәті бар: біреуі ауызашар уақыты, екіншісі Аллаһ Тағаламен қауышар сәті. Ораза ұстаған адамның аузынан шыққан иіс Мен үшін жұпар иісті мисктен артық», - деген. Сондықтан жұмысы ауыр адамға ораза тұтпасын деген шариғат жоқ. Ал егер адам ораза кезінде тіс жұлдыртатын болса, онда оның оразасы бұзылмайды. Тіс жұлғаннан кейінгі аққан қанның ішке кетіп қалмауын байқау керек. Егер тісінен аққан қанды жұтып қойған жағдайда тек сол күнгі оразаның қазасын өтейді. Тіс жұлғанда салынатын ине де, «табиғи емес» жолдармен ішке баратындықтан, бүгінгі ғұламаларымыз ол да оразаны бұзбайды дейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста