Жұма сайын жұрттан алғыс алады

Жұма сайын жұрттан алғыс алады

Ел ішінде Алла разылығы үшін ізгі амал, сауабы мол іс жасап жүрген қа­йырымды адамдар баршылық. Шымкент қаласындағы «Қазығұрт» ықшам ауданының тұрғыны, 43 жастағы Ғабидолла Тұрлиевтің (суретте) отбасын жұрт осындай жандар деп біледі. 

Ғабекең осыдан тура бір жыл бұрын ауласынан монша салған екен. Монша бүгінде жұма күндері түске дейін ақысыз, тегін қызмет көрсетеді. Бұл туралы Ғабекеңнің жұбайы Гүлзирадан сұрағанымызда ол бізге былай деді: 

«Моншаны былтырғы 1-қарашада іске қосқанбыз. Ақысын адам басына 600 теңге деп бекіттік. Алғашқыда осы маңайдағы көрші-қолаң, тамыр-таныстар естіп-біліп, біртіндеп келе бастаған. Ара-арасында жұма намазға баруға ниеттеніп, шайынып шығуды өтінген жастар келіп жүрді. Олар бас-аяғы 10-15 минутқа шайынып шыққандарына 200 теңге ұсынатын. Онысын өзім де алмайтынмын ұялып. Қанағат, ынсап болуы керек қой адамда. 

Содан бірде жұма күні түске дейін моншаға тегін түсуге мүмкіндік беру туралы ойда жүрген ұсынысымды айтып, үйдегілермен ақылдастым. Олар мұны құптап, бір ауыздан қолдады. Сосын қағазға xабарландыру жазып, есікке ілдіртіп қойдым».

Гүлзира осылай дейді. Айтуынша бұл моншаға келушілердің дені ер адамдар екен. Әсіресе жастар көп келеді. Кейде қария­лар арнайы келіп, отағасы Ғабидоллаға алғыс айтып, бата беріп кететін көрінеді. 

«Жұма күні таңғы сағат 10-ның шамасында моншаны жағып қоямын да, өзім жекеменшік дүкенде сауда-саттық жасап отырамын. Моншаға келу­шілерді санап, бет­теріне басқандай болмайын деп, өзім есікті ашып кетіп қаламын», – дейді Гүлзира. 

Сөз арасында Гүлзираның енесінің осыдан екі жыл бұрын дүние салғанын, марқұм­ның жиі шомылып тұруды жаны сүйетін таза адам болғанын естідік. Ол кісі моншаның бітуін асыға күткен екен. 

«Бірде түсіме марқұм енем кіріп: «Баня жағып қой, екі кемпір болып барамыз», – деді. Бәлкім осы бір тылсым түс ой салды ма, жұма күні бір адамға болса да жақсылық жасағым келді», – дейді ол. 

Негізі жақсы нәрсені ойға алып, оны өмірде жүзеге асыра білу де жоғары адамгершіліктің белгісі ғой. Осы орайда шымкенттік Ғабидолла Тұрлиев отбасының мұнысын біз көпке үлгі сауапты іс дер едік. 

Раушан СҮЛЕЙМЕН

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста