Жат ағымның жетегінде кеткен жас жігіттің оқиғасы

Еліміздегі жат ағымның бірі иегова куәгерлері. Аталған ұйым мемлекетті де, медицинаны да мойындамайтын, өз заңы бар қауіпті ұйымның бірі. Алайда мемлекет тарапынан қанша тыйым салынсада шырмауықтай шырмалып, қармағына түскендерді оңайшылықпен босатпайды.

Соның бірі алматылық жігіт Ақылбек. Ол 2013 жылы қаладағы колледждердің бірінде оқып жүріп, жат ағымның жетегінде кеткен деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Nur.kz порталына сілтеме жасап.

«Жазды күні имамдар отырған бөлмеге үш қазақ азаматы келіп, көмек сұрады. Айтуларынша, «Ақылбек» есімді інілерінің құлағы естімейді екен. Соны пайдаланған иегова куәгерлерінің мүшелері, оған қол қимылы арқылы ислам дінін жамандап, өздеріне мүшелікке кіргізіп алған», - дейді Алматы қаласындағы орталық мешіттің наиб имамы Нұрмұхаммед Иминов.

Иегова куәгерлерінің мүшелері Ақылбекті колледжіне іздеп барып айналдырған. Олар бозбалаға «мұсылмандар – кісі өлтіргіш, лаңкес» деп көзін байлаған. Тіпті, оны сендіру үшін құрандағы сүренің 18 аятынан мысал да келтіреді. Онда: «Сөйлей алмайтын, құлағы естімейтін және көзі көрмейтіндер Аллаға оралмайды. Қара, Алла қандай қатыгез, мүгедектер еш уақытта оған бара алмайды деп» арбауларына түсірген.

Ақылбек иеговаға кірмес бұрын мешіттердің біріне барып, осы рас па деп сұраған. Алайда имамдар оның қол қимылы арқылы қойған сұрағын түсінбей, жауапсыз кеткен жігіт иеговаға мүшелікке кіреді.

Кейін бәрі анықталғаннан кейін имамдар Ақылбекті бір аптада ислам дініне қайтарған.

"Анасы мен бауырларының өтінішінен соң біз Ақылбекпен сағаттап әңгімелесу жүргіздік. Көбінше жазба түрінде. Осы жерде біз иеговалықтар теріс пиғылмен қолданған сүренің де сырын аштық. Ол былай: «Алла көзі көріп, құлағы естіп тұрып, жүрегімен оны қабылдамаған жанды өзіне қабылдамайды. Бұл жерде адамның мүгедектігі емес, оның жан дүниесі жайлы айтылғанын тәптіштеп түсіндірдік. Ақылбек Алланың 99 есімімен танысып, оның шексіз құдіретін, кешкі намаздың қасиеті туралы естігенде өзінің тура жолдан тайғанын біліп, ислам дініне қайта оралды. Ақылбекті тура жолға салу үшін 20 бет жазу жаздық», - дейді наиб имам.

Ислам дініне оралған Ақылбек мешіттегі мерекелерге жиі келіп тұрады. Туған дінінен безбес үшін қаланың бас имамы оған құран мен ислам жайлы жазбалар сыйға тартыпты.

«Қамшы» сілтейді

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста