Сұрақ: Менің жасаған дұғам қайтыс болған ата-анама жете ме?
Жауап: Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына жұмақтан келген бір хабарды жеткізеді: «Алла Тағала жұмақта салих бір құлының дәрежесін көтеріпті. Құлы оған өте қатты қуанады. Алайда бір нәрсеге аң-таң болып, былай деп сұрақ қояды: – Уа Раббым! Мен Сенің бұл құрметіңе ие болуыма не нәрсе себеп болды? Алла Тағала: – Балаң сен үшін истиғфар етті. Осы себепті Мен сенің дәрежеңді көтердім, – дейді екен» (Ибн Мәжаһ, Ахмед ибн Ханбал). Тіпті қажет болса әке артында қалатын тұяғына: «Рәббәнә иғфирли, уәли уәлидәййә уә лилмуминина яума яқум әл- хисаб» (Уа, Раббымыз! Есеп күні келгенде мені, анамды, әкемді және бүкіл мұсылмандарды жарылқай гөр!)» – деген аятты дұға ретінде айтып отыратындай жаттатып кеткені мақұл (Ибраһим: 41).