Жарыс кезінде футболшыларға ораза ұстамауға рұқсат берілген бе?

Қазір Әлем Чемпионатынан футбол жарысы өтіп жатыр. Сондағы мұсылман футболистерді көрген сайын «оразаны не істейді екен?» деген ой келеді. Жарыс кезінде футболистердің ораза ұстамауына арналған пәтуа бар ма?
Нұрқанат, «Алаш айнасының» сайтына түскен сұрақтан.

Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкері Абдусамат Қасым жауап береді:
–Осыдан 6 жыл бұрын Мысыр еліндегі Пәтуа Кеңесі (Дарул Ифта) футбол ойыншысына қатысты мынадай пәтуа жария еткен болатын: «Кәсіби футбол ойыншысы белгілі спорт клубымен келісім шарт бойынша жұмыс істейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда оны да жалданған жұмысшыға ұқсатуға болады. Жалданған жұмысшы өз ісін атқаруы тиіс екені мәлім. Сондықтан келісім жасасқан ісі табыс көзі боп саналатын футболшы, ораза себепті міндетін ойдағыдай атқара алмайтынына сенімді болса және чемпионаттан бас тартуға еш мүмкіндігі болмай жатса, онда оған ауыз бекітпеуіне рұқсат. Өйткені (ертеректегі) ғалымдар жалданып жұмыс істейтін жұмысшының немесе ісі ауыр кәсіп иесінің ауыз бекітуі күнделікті тіршілігін жүргізуге кедергі келтіріп жатса яки дәрмәнсіз етсе онда оған ауыз бекітпеуге рұқсат деген». Алайда бұл пәтуаға қарсы шыққандар да аз емес. Олардың ойынша: «Ойын қай жағдайда болмасын – ойын. Футбол ойыны - Рамазан айында ауыз бекітпеуге себеп болатындай зәру жағдай қатарына кірмейді». Дегенмен: «Рамазанда жаттыққан футболшы тұрғылықты жерінде қиналса да ораза ұстайды. Ал, бөтен қалада жолаушы үкіміне кіретіндіктен, ораза ұстамауларына болады», - деген тұжырымды көлденең тартқан ілім иелері де болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста