«Зәм-Зәм Қазақстан» басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Зәм-Зәм Қазақстан» басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қажылыққа 300-ден астам адамды апарып, алдап кетті деген күдікке ілінген «Зәм-Зәм Қазақстан» туристік компаниясы басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Алматы полициясы «алаяқтық» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Істі болып жатқан Данияр Ілиевтің өзі «мүфтият қажылық квотаны турфирмаларға ақшаға сатады» деп жар салған болатын.

 

Меккеге баруға рұқсат алған 18 туроператордың өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарып, бейне үндеу жолдады.

 

ИСАТАЙ ОРАЗОВ, туроператор өкілі:

 

- 18 фирма квота алу үшін 500 доллардан пара берді дейді. Біз Алланың атымен ант ете аламыз. Барлығы куә. Ешқандай пара берілген де емес, бермейміз де. Өйткені бұл қақ жолында қызмет ету, Құдай сақтасын, ондай нәрсеге барған жоқпыз. Елге оралғаннан кейін барлығы бірауыздан заңды түрде арызшағым түсіретін боламыз. Нағыз алаяқтыққа барып жатқан адамдарға біз қарсымыз. 

 

«Зәм-Зәм Қазақстан» компаниясы өткен айда 300-ден астам адамды туристік визамен Сауд Арабиясына апарады. Алайда Меккеде құлшылық жасау үшін мүфтият қана беретін арнайы квота керек. Бұл турфирма ондай жолдама алмаған болып шықты.

 

Осылайша қасиетті мекенге аттанған отандастарымыз полиция бөлімшесінен бір-ақ шыққан. Бес парыздың бірін өтеуге барғандар жат жердің көші-қон заңын бұзған қылмыскер атана жаздағанын айтып, әлеуметтік желіге шағымдарын жариялап жатты.

 

Осылайша жерлестеріміздің дені қағбаға қол тигізе алмай өз қаражаттарымен елге оралды. Олардың әрқайсысы жарнамасы жер жарған туристік компанияға 2,5-3 миллион теңге аралығында санап берген.

 

Бұл мәселені мемлекет басшысы да көтеріп, ішкі істер министрлігіне жауаптыларды жазаға тартуды тапсырған болатын.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста