«Жалғыз жүрек, сан сауал»: Ойла¬найықшы, бір сәт болса да өзімізге-өзіміз есеп беріп көрдік пе?

Бойдағы мінді санасам...
Хакім Абай өз қазағын сынағанда өзін кемшіліктен таза, ғаламатпын деп еш айтпаған. Данышпан ақылы дариядай тасып, кемерінен асып тұрса да ең алдымен өзіне сын көзбен қарап, бойдағы мінін өкіне еске алады. Ал жіберген қателігің үшін қанша өкінгеніңмен орнына келмейтіні ақиқат. Бірақ, «болары болды, бояуы сіңді, өткен іске өкінбе» деп өзімізді жұбатқанымызбен бізден кеткен кемшілікті ұл-қызымыз, ұрпағымыз, келе-келе үрімбұтағымыз қайталамас үшін амал қылуы¬мыз керек екен. Олай болғанда Абайша бойдағы мінімізді санап, саралап, айтып кеткеніміз лазым.
Біздің қолдан ондай тәуекел келе қояр ма екен? Менің мынандай кемші-лігім бар еді деп шынымен мойындап, айта алар ма екенбіз? Әй, қайдам. Сүттен ақ, судан таза көрінгіміз келіп, жауырды жаба тоқып, жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырып, мына жалғаннан ақылды һәм әдемі кейіпте өтіп-ақ кеткіміз келетінін кімнен жасырайық. Хакім:
Ойға түстім толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым, – деп ақыл таразысын алдына құрады. Иә, өз кемшілігін көңілінен өткізіп, көзімен көруі үшін. Ұрпағы үлгі аларлықтай ғибратты ғұмыр қалдырып, ғұламаға айналған, сөз патшасы өлең арқылы адам болуға шақырып, адалдықтың жолын көрсет¬кен Абай атам да күнәсіз періште емес, пенде екенін мойындап:
Өзіме-өзім жақпадым,
Енді қайда сия алдым.
Қалап алған көп мінез,
Қалайша қылып тия алдым, – деген¬ді оқығанда шыны керек, өзімнен-өзім ұялдым. Мендегі бар кемшілік сіздің де бойыңыздан табылады-ау қателеспесем. Өзімізге жақпайтын көп мінезіміз болса да, жасырып қалуға ұмтыламыз. Көрме¬се екен, көрсетпесем екен деген оймен сақтансақ бір сәрі-ау. Керісінше, қалап алған көп мінезімізді тыюдың орнына, соны пайдаланып, өз есебімізді түгендеп қалғымыз келіп тұрады. Жеме-жемге келгенде «ондай емеспін» деп ақталуға асығамыз. Алдау, арбау, мақтау, даттау сияқты қанымызға сіңіп, бойымызды жаулап алған «көп мінездің» ойымызды бұзатыны рас. Нәтижесінде адамдық пейілімізге сызат түсіріп, адалдық деген асыл қасиеттен алыстап, арамдықпен айла амалға көшіп, бірді-бірге соққа¬нымызды зор жетістікке балаумен өмірімізді өткізіп жатқандаймыз. Ойла¬найықшы, бір сәт болса да өзімізге-өзіміз есеп беріп көрдік пе? Абайша толғанып, жіберген қателі¬гіміз үшін қам жеп, енді қайталамауға қарекет жасай алдық па?
Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес.
Аршып алып тастауға,   
Апандағы саз емес.
Бәрі болды өзімнен,
Тәңірім салған наз емес, – деп ең бірінші өзіне сын көзімен қарайды хакім. Ал біздің қоғамда керісінше өзін ақтап, біреуді жазғырып жіберуге дайын пенде¬лер көп-ақ. Алланың хақ екеніне көзін жеткізіп, көңілін сендіріп, адам¬затты шексіз махаббатпен жаратқан Иемізді сүю керектігін ұрпағына аманат еткен Абайдың бойындағы мін тау-тасынан кем болмаса, онда жалғанға алданып, атақ абыройын малданып, дүниені қуып, ағайынмен арасы суып, байлығына мастанып, құс жастықты жастанып жүрген көп пендеге ойлану керек-ақ. Ал ойланғанда не істемек лазым. «Қу дүние опа бермес жиған¬менен» деген аталар сөзіне бір сәт зер салып, кез келген адам үлгі аларлықтай ізгілік ізін қал¬дыруды алдына мақсат етіп қойса, өмір-керуендегі көші көрікті болары ақиқат. «Алланың өзі де, сөзі де рас» екенін санамызға сіңіріп, «Адамды сүй, Алла¬ның хикметін сез, Не қызық бар өмірде одан басқа», деп өмірдің қызы¬ғы асып-тасып, шалқып-басып күн кешуде емес екендігін ұқтырып, иманның парыз екенін есімізге салып кеткен Абайдың жүрегі «инедейін таза болмаса» онда біздер енді қалған ғұмырымызда есімізді жиып, бойымызды жаман әдет¬терден тиып, бес күндік жалған өмірде Алла бұйырған бес парызымызды түгендейік, нәпсімізді жүгендейік, сана¬мызды әзәзілдің ар¬бауына жібермейік, ағайын. Сонда ғана дүниеден өткен¬дердің соңынан айтып жүрген «има¬нымыз» өзімізбен арғы әлемде де жолдас болмақ. Бұрындары атала¬рымыздың аузынан естіген «екі дүниенің байлығын берсін» деген сөздің төркіні осыны аңғартса керек. Ендеше мен де өзімше ақылман көрініп, көпіріп отырған жоқпын. Дала ділмарларынан жеткен ой түбінде жатқан асыл сөзді ортаңызға салып, пікірлескен жайым бұл.
Әлқисса, хакім Абай өзін сынау арқылы артына қандай үлгі аларлық өнегелі жол қалдырып отыр десеңізші. Өзі арқылы өзгенің ар жолынан атта¬мауын, адам боп өмірге келген соң, адалдықпен күн кешуін, өзгеден айла- амалмен емес, ақыл біліммен озу керек¬тігін тайға таңба басқандай айтып-ақ кеткен екен данышпанын.
Осынша ақымақ болғаным,
Көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің,
Әділетін бұзыппын.
Ақыл менен білімнен,
Әбден үміт үзіппін.
Айла менен амалды,
Меруерттей тізіппін, – дейді. Бұл жолдарды оқып «Абайдың өзі де кемшілігі жетерлік көп пенденің бірі екен ғой» деген ой қалыптаспаса керек. Қашан да әр сөздің астарына үңіліп, ар жағында нені меңзеп тұрғанын саралай білетін ел емеспіз бе? Яғни, хакім бірінші кезекке өзін қойып, қайбір адамдардың бойында кездесетін көп кемшілікті өзі арқылы жеткізіп, адамзатқа ортақ ойды ортаға салып отыр. Қазекемнің жалпақ тілімен айтқанда, «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» екенін көкірегі ояу, көзі ашық зерделі адам¬ның түсіне қоюы қиын емес. Сын шын болған жерде мін түзелері ақиқат. Абайдың сыны әр қазақтың бойында бар екені ащы да болса шындық. Бірақ соны мойындап, бойымызды билеген пен¬де-лікті құрықтауға несін жасырайық, аса құлқымыз жоқ-ау. Құдды баға¬мыз түсіп, бағымыз ұшып кететіндей басымыздан сөз асырғымыз кел¬мейтіні рас енді. Тағы да қандай мініміз бар екен, кемеңгер Абайға жүгінейік:
Жалмауыздай жалаңдап,
Ар, ұяттан күсіппін.
Қулық пенен сұмдыққа,
Құладындай ұшыппын.
«Сіз білесіз» дегенге,
Күнге күйіп, пісіппін.
Мақтанбасқа мақтанып,
Деп жүріппін пысықпын.
Мұқағали ақынның: «Менің жаным ашиды мына өмірді, Өтпейтіндей көретін адамдарға», деген өлеңі есіме түсіп отыр. Мұндай пенделер де аз емес арамызда. Хакім айтқандай ар, ұятты аяққа таптап, қулық пенен сұмдығына құрық бойлатпай, «Сіз кереметсіз» деген шектен шыққан жағымпаздыққа есі кете сеніп, «мақ¬тан¬басқа мақтанып», өзінен басқа жан жоқтай, мастанып, қызып жүргендер ойланар. Керегі болса алар, қажетіне жарар, әйтпесе, «өз сөзім өзімдікі» деген данышпан Абайдың айтқан-дарынан ғибрат алай¬ық, ағайын.

 



Жұматай Оспанұлының
«Жалғыз жүрек, сан сауал»
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.2015, 28.03.2015, 30.03.2015, 31.03.2015, 01.04.2015, 03.04.2015, 04.04.2015, 05.04.2015, 06.04.2015, 07.04.2015, 08.04.2015, 09.04.2015, 10.04.2015, 11.04.2015).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста