"Жалғыз жүрек, сан сауал": Машинаның базары, машинадан болуда, талай жастың ажалы

"Жалғыз жүрек, сан сауал": Машинаның базары, машинадан болуда, талай жастың ажалы

Бұған не дейсіз?

– Баламның оқуға зауқы жоқ. Бар арманы мектепті тезірек бітірсем дейді. Соңғы кездері сабағына да қарауды қойды. Есіл-дерті машина жүргізу. Кейде үйде демалып жатсам көлігіме отырып, қы­ды­рып кететінді шығарды. Қоймаған соң 30 мың долларға су жаңа «япошка» әпердім.
– Балаңыздың жа­­сы не­шеде, қан­ша­сын­шы оқитын еді?
– Ү-үй, әлі бала, то­ғы­зын­шы сыныпта оқиды.
– Әлі жасы кел­ген жоқ қой. Еш­қан­дай құ­жат­сыз жүр­­­­­гізе бере ме? Ұста­лып қал­са қиын бол­май ма?
– Ой, әкесінің, бір-ақ зво­нок емес пе? Еще, қалтасында ви­зитканың түр-түрі бар. Бар кез­де бардай жүру керек қой.
Бір той-жиында қал­­­тасы қа­лың дөкей мырза қасын­да­ғы­лар­ға қарап маңғаздана шіреніп, осылай деп бөсіп қалды. Ақ­ша­ның буы мыстарын бас­­­т­ы ма, ал­ғашында бір-екеуі қарсы пікір айтқанымен аяқасты құлдық ұрып, құтты болсын айтып шыға келді.
Жаным ауырды. Бар екен деп боқ дү­ниеге шаш­қанша же­тім-же­сір­лерге қол­ұшын беріп, сү­рінгенге сүйеніш болып, сауап­ты іс жасаса әлде­қай­да абы­рой­лы болар еді-ау деп ойладым. Он­сыз да елпіл­деп тұр­­ған бала­сына желік беріп, жа­рық күнде адастырғанша, тым құ­­рыса әке­лік бо­ры­шын адал ат­қар­са қай­тер еді? Өз бала­сы­ның бо­­лаша­ғы­на осылай нем­құрайлы қа­­­ра­ған әкеден не үміт, не қайыр?

Ақшаң болса қалтаңда...
Таңғалмайтын болдық. Иә, қоғаммен бірге адамның санасы да қатты өзгеріске ұшырады. Күн сайын жаңалық. Бірақ еш­қандай әсер жоқ. Таңғалмаймыз. Сонда қалай, алпыс екі тамы­ры­мыз­дағы қан сұйылып, сана­мыз­дан «таңғалу» деген сезімді та­мы­рымен жұлып тастағанымыз ба? Әлі есімде, біздің бала ке­зі­міз­де бір досымыз велосипед ал­са, сол көшенің бүкіл баласы ар­тынан бірге шапқылағанды қы­зық көретінбіз. Әлгі велосипедті өзіміз тебе алмасақ та, дөңге­ле­гі­нен, орындығынан ұстап көр­ге­німізге мәз болып, таңғала­тын­быз. Қазір мұндай сезім жоқ. Не­ге? Өйткені, сананың сұра­ны­сы бас­қа. Біз мектеп бітіргенше ве­ло­сипед теуіп өстік. Қазір ол ба­ланың ойыншығы сияқты болып қал­ды. Бүгінгі оқушылар қайда асы­ғады, білмеймін? Әйтеуір, те­зірек мектеп бітіргісі, ерте есей­гісі келіп, елегізіп тұрады. Ақы­рын саралап, ойлап қарасам, есіл-дерті есейіп, мектеп деген «мыр­за қамаудан» (қаладағы көп қа­батты үйлерді апам солай ай­татын) тезірек құтылып, «темір тұл­пардың» тізгініне жармасқысы келеді екен. Оған әке-шешенің ша­масы келе ме, жоқ па? Бұл сұрақ еш ойландырмауы да мүм­кін. Баласына машина әперу жағ­дайы бар шалқайған байлар тү­гі­лі, қарапайым қоңыр тірлік ке­шіп отырғандар үшін де про­бле­ма болмай қалды. Қалталылар ше­кесінен шертіп жүріп, арнайы тапсырыс беріп алып жатса, қа­тардағы еңбеккер де қата­ры­нан қа­лып жатқан жоқ. Қалтасында жи­ған-терген қаржысы болмаса да, жарнамасы бірінен-бірі асып түсетін банктер бар емес пе? «Ба­лаңнан аяйсың ба, басыңды тық та кредит ал. «Өлмесең» деймін-ау, өлсең де қайтартады ғой. Ең бас­тысы, балаңның арманын орын­­дадың. Қатарынан қалған жоқ. Тең құрбысының алды бол­ма­са да, құдайға шүкір, «темір тұл­пары» бар. Астафиралла, не деген шайтан ойлар санамызды жау­лап алған? Ой емес, тура­сын­да осындай қоғамда өмір сүріп жа­тырмыз.

Үзілген үміт
«Жарығым-ай, жалғызым-ай! Аңыратып тастап қайда кет­тің? Осы бір қу темірге несіне ға­на қызықтың екен? Ақыры түбі­ңе жеткені-ай. Осы машинаны ал­ғанша қу жа­ның­ды қоярға жер таппай кетіп едің. Ажалыңа асық­қаның-ай!».
Жалғызын жоғалтып, көкі­ре­гі қарс айырылған ананың жоқ­­тауы айналасын­дағы­лар­дың да сай сүйегін сырқыратып жі­бер­ді. Бәрі қосыла, егіле жы­ла­ды. Ата-анасының жалғыз үмі­ті осы еді. Маңдайынан қақ­пай, қа­тарынан қалдырмай-ақ өсірген.
Мұн­дай оқиғаны күніне бол­маса да ара-тұра естіп, кө­ріп жүрген алаң көңіл әке-шеше баласына бас­тапқыда көлік әперуді ойла­ма­ған да екен. «Дос­та­рымның бәрінде бар, маған да әперіңдер. Ан­да ала кет, мын­да ала кет деп қа­шанғы сұ­рана беремін», – деп қой­маған соң амалы құрыған ата-ана маң­дайына шыбын қон­дыр­май өсір­ген жалғызының бір тілегін ерік­сізден орындады. Ая­ғы міне, жол апатына, қайғы­лы жағ­дай­ға әкеліп отыр. Ұшқан құс­­пен жарысқан «темір тұлпар» міну уақыт талабы дейік, алсын, мінсін, бірақ жол ережесін сақ­тап, тәртібімен жүрсе ешқан­дай өкініш болмас еді ғой. Кейде елір­ген біреудің кесірі өз жо­лы­мен келе жатқан басқа адам­дар­ға тие­тіні бар. Осының сал­дарынан кү­ре жолдың бойында қаншама тағ­дыр талқан боп, үкілеген үміт­тер үзіліп жа­тыр. Мына за­ман болып тұр, машинаның ба­за­ры, машинадан болуда, талай жас­тың ажалы. Ендеше, аяулы ата-ана, ба­лаңыздың тағ­ды­­рымен ой­на­маңыз­дар, ой­лаңыз­дар!

Кім кінәлі?
Заман ба, адам ба? Ата-ана ма, бала ма? Кім кінәлі дегенде біреуге жала жауып, біреуді жаз­ғырып кінәлайық деп отырған жоқ­пыз. Қоғамдық сұрақ қой, соған жауап іздеп көрейікші. Шы­­нымен де, кім кінәлі? Он екі­де бір гүлі ашылмай жатып, өмі­рін енді бастағанда ерте сол­ған гүл­дей, ажал құшағына алып, қа­ра жердің қойнына салып жат­қанды кімнен көреміз? Енді аза­мат болды-ау дегенде қыршы­ны­нан қиылып жатса, неге ерте алдың деп Жаратқанды жаз­ғыр­мақ­пыз ба? Қазір бір жаққа жолға шықсақ, үйімізге аман жеткенше алаңдап, елегізіп оты­ра­тынды шығардық. Өйткені тас жолдың үстінде талқаны тау­сыл­ған тағдырлар ойландырмай қоймайды екен. Баяғыда адам­дар жасы келіп немесе қатты сырқаттанып өмірден озып жата­тын еді. Оқыс оқиғалар анда-сан­да бір кездесетін. Ал қазір, тағы да тілім жазықты, таңғал­май­тын болдық. Телеарнадан, ра­диодан, баспа беттерінен жол оқиғаларын күнде көріп, естіп, оқып жатырмыз. Етіміз өліп, кө­ніп кеткеніміз соншалық, бә­лен­дей елең етпейміз. Бір өкі­ніш­тісі, жол апатынан қайтыс бол­ған­дардың дені жастар. Иә, өмірге деген қызығушылығы енді бас­талып, қызуы мен желігі ба­сыл­май тұрған өрімдей өс­кін­дер. Құдай-ау, адам баласы төрт аяқ­ты есті жануар десе де, аттан құлап та ажал құшып жатады. Ал техника деген адамның қо­лы­­нан жасалған дүние емес пе? Қай же­рінен кемшілік шыға келетінін қайдан білесің? Мұны білмейді емес-ау, бәрі біледі. Бі­ле тұра ес­сіз­дік танытып, ұшып-қона­ты­ны­мыз тағы бар. Қас-қа­ғым сәт­те осынау ға­лам­шар кө­зі­нің қа­рашығында шыр ай­на­лып бара жат­қанда өкініп те үл­гермей қалады-ау. Қазіргі таң­да­ғы мә­лі­м­еттерге сүйенсек, жол апатына ұшы­рағандардың ба­сым көп­ші­лі­гі жастар. Яғ­ни, баласының бола­ша­ғын ойла­май, бетінен қақпай, айт­қа­нын екі етпей орындаған әке-ше­шені кі­н­әлаймыз, амал­сыз. Дәл осы уа­­қыт­та 4-5 бал­а­лы отбасы ауыл­­­дық жерде бол­маса, қалада бір­ді-екілі ғана. Бір үй­дің кө­зінің ағы мен қара­сын­дай өскен бала­ның дегені орындалары хақ. «Жалғызым аман болсын, қа­­тарынан қал­масын, осы кисін, осы ішсін, мен мінбеген көлікті осы мін­сін». Міне, осы­лай ерке өсі­ріп, еркіне жіберіп аламыз да, қа­те­лікке ұшыра­ғанда барып бар­мағымызды шай­наймыз. Тіп­ті мектепті жақ­сы бітірсең аттес­тат алған күні машина сый­лай­мын деп бала­ның са­на­сын оқу­мен емес, дү­ние­мен улап жат­қа­­ны­мызды бі­леміз бе? Өмірдің ақ-қарасын ажыратып үлгермей жат­қан ұр­па­ғымызды қалай тәр­бие­леп жа­тырмыз?
Қазақта: «Алыс­тан алты жасар бала кел­се, ал­пыс­тағы шал келіп сәлем бере­ді» деген аталы сөз бар. Аман­дық адамдықтың бастауы екенін ұғын­сақ, балала­ры­мыз­дың бойы­­­нан қандай адами қа­сиет­­тер­ді жойып жатқа­ны­мыз­ды біл­сек қой. Күнде болмаса да жиі кө­ріп жүрміз. Жаңағы шет­елдің қым­бат кө­лігінен кері­ле түскен жастар, алдындағы үл­кенге сә­лем бе­руге де ерінеді-ау. Айна­ла­сына паңдана қарап, маң­­ғаз­да­нып тұрып әрең сөй­лей­тін­де­рін көр­генде, бола­ша­ғың жай­лы ой­лау­ға қорқасың. Жо­ғарыда айт­қа­нымыздай, күн сайын жаңа­лық. Ендігі жерде шет­елдік қым­бат көліктердің рөлінен бойлары әрең көрінетін шынашақтай қыз­дар түсетін болды. Жас­та­ры­мыз­ды ессіз­дікке жетелеген есіл дү­ние-ай дейсің күйініп. «Байдың асын байғұс қыз­ға­нып­ты» де­ген­дей, іштарлық көр­сетіп тұрғаным емес. Маған десе күнделікті көй­ле­гіндей ауыстырып мінсін. Бі­рақ Алла тағала Адам атаның қа­­бырға­сынан Хауа ананы жа­рат­­қан­да оған адамзат қауы­мын­дағы ең қымбат ана болу қасиеті мен нәзіктікті берген еді. Яғни, қыз баланың бойын­дағы ерекшелік те осы емес пе? Аяқ асты бол­ған жол оқиға­ла­рынан қыз ба­ла­ның бір­ден ше­шім қабылдап, тығы­рық­тан шығып кетуі ша­малы. Аяғы біз алаңдап отыр­ған қай­ғы­лы жағ­дай­ға ұласуы әбден мүм­кін. Яғ­ни, 18-ге то­лар-тол­мас­тан көлік рө­ліне отыр­ғызу – ата-ананы ғана емес, қоғамды ойланды­ра­тын мә­селе. Бір кез­де­рі көлік жүр­гізу куәлігін 22 жас­тан бе­ре­міз де­ген заң туралы сы­быс ес­ті­генде қуанып қалып едік, мұ­ның да аяғы сиыр­құй­мы­шақ­та­нып барып жоқ болды. Әй, бі­рақ қандай заң шы­ғар­са да жем­­қорлық жайлаған, қал­талы ой­наған, парақор той­ма­ған за­ман­­да барлығын да ақша­мен ше­шуге болады. Құл­қы­нына құрт бо­лып түскен қу ақ­ша кім-кім­ді де айтқанына көн­діріп, ай­даға­ны­­на жүргізіп қоя­тыны жа­сы­рын емес біздің қо­ғамда.

Жаралы жүрек
«Әлі күнге өкінемін. Өзіме-өзім жасадым. Ата-анамды тың­дамай, кредитке машина алдым. Қайда, неге асықтым екен? Жа­райды, алдым екен, тыныш жүр­сем әлдеқалай болар еді. Дос­та­рым­мен басқосуда не шайтанның түрт­кенін, іштім келіп. Ұсталып қалсам МАИ-де істейтін жол­да­сым бар, неден қорқамын деген ес­сіз батырлық пайда болды. Бі­реудің обалына қа­лам, жазым қы­лам деп дәл сол кез­де ойлаған жоқпын. Бәрі көңіл­ді, ән салдық, биледік, той­ла­дық. Есік алдына шық­қанымды біле­мін... Есімді жи­насам... енді бә­рі кеш... Айғай-шу. “Жедел жәр­дем”. “МАИ”. Кө­ше­де адам қағып, жа­зым қы­лып­пын. Бес жыл ар­қа­лап темір тор­дың ар жа­ғына кеттім. Бұ­дан да шы­ғар­мын-ау. Тән жа­расы жа­зылар. Жан жарасын ем­деу қиын екен. Орны толмас өкі­ніш. Өкіне­мін».
Әрине, темір тордың ар ­жа­­ғы­нан мерзімін өтеп шы­ғары сөзсіз. Зымыраған уақыт әне-мі­не дегенше бостандыққа да жет­кізер. Бірақ сол күнгі бір ға­на қателіктен қаншама жү­рек жа­­раланды, қайғы жұт­­­­­­­­­ты.
Өмір­дің өзі мектеп. Біз сол мек­теп­тен күнде са­бақ алу­дамыз. Сөй­те тұра бүгінгі кем­шілікті ертең қайтала­мау­дың жолын неге ізде­мей­міз? Не де­­ген жауапсыз, не де­ген ұмыт­­­­шақпыз, адамдар!

Жұматай Оспанұлының 
«Жалғыз жүрек, сан сауал» 
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.2015, 28.03.2015, 30.03.2015, 31.03.2015, 01.04.2015, 03.04.2015, 04.04.2015, 05.04.2015, 06.04.2015, 07.04.2015, 08.04.2015, 09.04.2015, 10.04.2015, 11.04.2015, 12.04.2015, 13.04.2015, 14.04.2015, 15.04.2015, 16.04.2015, 17.04.2015).

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста