ЖАЙНАМАЗ АШЫҚ ҚАЛСА НЕ БОЛАДЫ?
Жайнамаздың бетін ашық тастауға болмайды, шайтан намаз оқып кетеді,- деп бір шетін қайырып қойғандарын бірнеше рет көргенмін. Қарап тұрсаң, мүлдем ақылға қонымсыз түсінік емес пе?
Біріншіден, Алланың қарғысына ұшыраған ібілістің намаз оқуы мүмкін бе?
Екіншіден, мешіттерде жердегі төсеніштер жайнамаз түрінде жасалады. Оларды жинап яки әрқайсысының шетін қайырып жүргендерді көрмеппін.
Шариғатымызда жайнамаз ашық не жабық тұрсын деп арнайы бекітілген үкім жоқ. Демек, бұл адамдардың ойдан шығарған негізсіз пікірі. Егер жайнамаз жұқа болса жинап қояды, ал қалың болса төселіп тұра береді. Бір бұрышын қайырып қоюдың еш қажеті жоқ.
mazhab.kz
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу