ХХІ ғасырдағы сүниттер мен шииттер қақтығысы қайда барады?

ХХІ  ғасырда  мұсылман елдері үлкен қайғыға душар болды десем, артық айтпаған болар едім – сүниттер мен шиттердің арасындағы қақтығыс үдеп барады.
Бұл қақтығыстың сорақылығы соншалық, күннен-күнге өршіп, кейбір мұсылман елдері білегін сыбанып кірісіп кетсе, басқа мұсылман елдері алапат соғысқа дайындалу үстінде. Бұл соғысты ғаламат деп отырғаным, табиғаты жағынан  идеологиялық қақтығыстардың қатарын толықтырады, яғни бір жақ екінші жақты толық құртып жібергенге дейін тыншымастан соғысады. Шегінетін жол жоқ.  Қазіргі таңда  әлемде 52 мұсылман мемлекеті бар, жердің төрт бұрышын жайлаған 1,5 миллиард мұсылман халқы бар, оның 20% шииттер болса, 80%-ын сүниттер құрайды.  Иранда 89%, Әзірбайжанда 65%, Иракта 65%, Иемен 46%, Бахрейнде 75%, Ливанда 30%, Тәжікстанда 30%,  Сирияда 12%,  Ауғанстанда 10%, Сауд Арабиясында 10%, Пакистанда 5% шииттер тұрады.
Шииттердің шығу тарихын, пайда болу себептерін жазып, уақыт алғым келмейді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Мұхаммед(c.ғ.с.) пайғамбар қайтыс болғаннан кейін пайда болған секталық топ. Қазіргі таңда шииттерге қаржылай көмек көрсетіп, оларды қанатының астына алып, соғысқа тәрбиелеп отырған жалғыз мемлекет бар, бұл – 74 миллион халқы бар Иран. Жалғыз ғана шиизм дінін ресми түрде ұстанатын әлемдегі жалғыз мемлекет, бұл да Иран. Сирия, Ирактағы болып жатқан жағдайды толық дін  соғысына жатқызамыз, нақтырақ айтсақ, сүниттер мен шииттердңң соғысы, бұл соғыс аренасында басты рольдерді Сауд Арабиясы мен Иран ойнап отыр. Сауд Арабиясы  Аль Каида, ИГИЛ, Джабхат ан нусра, т.б. суниттік радикалды топтардың көмегімен шииттерді ауыздықтағысы келеді. Иран болса Хесболла,  аль-Аббас бригадасы, Катайб Хезболла, Махди әскері,  Хуситтар көмегіне жүгінеді.  Сонымен қатар, Сириядағы соғыста Башар Асадты қолдап, Ресей де өзінің бойын көрсетіп қояды. Сүниттік-шиитік қақтығыста мұсылман елдерінде екі коалиция құрылды, Сауд Арабиясын қолдайтындар: Түркия, Египет, Пакистан, Біріккен Араб елдері, Иордания, Сомали, Бахрейн, Катар, т.б сунит мемлекеттері. Иранды қолдайтындар: Ирак, Сирия, шиизм дінін ұстанатын басқа да радикалды ұйымдар.  Ирактағы және Сириядағы соғысқа өзінің әскерін жіберіп  Иран тікелей араласып кетсе, Сауд Арабиясы соңғы кезге дейін араласпай, тек қаржылай көмек көрсетіп келді. 26 наурызда болған Иемендегі төңкеріс  Сауд Арабиясының соңғы шегі болды.  2015 жылы 26 наурызда сүнит пен шииттер арасында соғыс пружинасы тартылды. Иемендегі заңды үкіметті қолдау мақсатында Сауд Арабиясы өз жақтастарының көмегімен Иемен территориясын бомбалай бастады. Иеменнің шекарасына Сауд Арабиясы 150 000 әскерін шоғырландырды. Бірікен Араб Эмираты 30 ұшақ, Бахрейн 15 ұшақ, Кувейт 15 ұшақ, Катар 10 ұшақ, Иордания, Марокка, Судан 3 ұшақтан жіберіп, Иемен жерін бомбалап жатыр. Осы қақтығысқа көмек қолын беруге Египет пен Пакистан да қосылды. Иемендегі күйзелісті «пандора» жәшігімен салыстырсақ, дәл болар еді.
Енді біз өз тарапымыздан «сүниттер мен шииттердің қақтығысы кімдерге тиімді?» деген сауалға жауап берсек.  Ең бірінші  кезекте сүниттер мен шииттердің бастарын бір қазанға салып қойып, жанжалдарын сыртынан рахаттана бақылап отыру Израильдің басты арманы еді. Міне, Израильдің арманы орындала бастады, әрине Израиль басшылары бұл қақтығыстың шоғын үрлеу үшін АҚШ-тың қолымен бірталай жұмыс атқарды:
    Иракты алатын болсақ, АҚШ 2003 жылы  заңды президент Саддам Хусейнді орнынан алып тастап, билік басына шииіттерді әкелді де, сүниттермен араздастырып қойды. Қазіргі таңда  Ирак территориясында  АҚШ Иранмен бірлесіп, ИГИЛ-ге  қарсы соғысып жатыр.
    2013 жылға дейін тыныш жатқан Сирияны алатын болсақ, АҚШ сүниттердің арасына от тастап,  халықты президент  Башар Асадпен соғыстырып қойды.
    Тағы да АҚШ бірталай араб елдерінде төңкерістер жасап, халқын радикалдық исламға итермелеп тастады.
    АҚШ мұсылман елдерін бір-біріне айдап салып, дамыл таппай оларды қаруландыруда, бір сөзбен айтқанда, мұсылман елдерін жаппай соғысқа тартып жатыр.
Израиль иттігінің толастайтын түрі жоқ. Израильдің АҚШ-тың қолына көсеу ұстатып, мұсылман елдеріне көрсетіп жатқан озбырлығы мен екі жүзділігін тізе берсек, тәмамдап, тауысу мүмкін емес.

Думан Көпбаев,
саясаттанушы

skifnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста