Хиджап пен пәренженің айырмашылығы неде?

Қазір елімізде хиджаб пен пәренженің айырмашылығын түсіне алмай, шатасып жүргендер баршылық. Тіпті кейбіреулер пәренжені хиджаб деп ойлап жүр. Сондықтан біз хиджаб пен пәренженің айырмашылығы туралы шағын материал жазғанды жөн санадық.
Негізі, хиджаб – жамылғы деген мағынаны білдіреді. Бірақ бұл бет-ауызды түгел тұмшалап алу деген сөз емес. Тек балиғат жасына толған әйел жыныстылардың әурет жерлерін жабуына арналған арабтардың киім үлгісі. Мұны пәренжемен шатастыруға болмайды. Ал пәренже, ниқаб деген әурет жерден бөлек, түгел бет-ауызды да тұмшалап жүру дегенді білдіреді. Бірақ бұл екеуі де қазақтың киім үлгісі емес. Бұл бізге араб, парсылардан келіп жатқан киім үлгілері. Қазаққа түк қатысы жоқ. Бұлардың бәрі араб, парсының бұрыннан киіп келе жатқан дәстүрлі киімдері. Демек, бұл киімдер сол елдердің климаттық жағдайына сай тігілген. Мұны қазақтың дәстүрлі киімімен еш шатастыруға болмайды. Сондықтан хиджабтың да, пәренженің де астарында шынайы мұсылмандық емес, саяси астар жатқанын ұмытпауымыз керек.
Рәтбек қажы НЫСАНБАЙҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының экс-бас мүфтиі:
– Хиджаб – жамылғы деген мағынаны білдіреді. Бұл – арабтардың киімі. Себебі олар ислам дінінен бұрын осы киімді киген. Ал ниқаб, пәренжені Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран халықтары қолданады. Бұл ретте қазақтың киімі де ислам мәдениетімен тығыз байланысты. Себебі шариғатта қолдың білезігінен аяқтың тобығына дейін әйелдердің денесі жабық болуы керек делінген. Қазақтың бұрынғы киімінде кеудесі ашық, немесе етегі тізеден келетін киімдер болды ма? Жоқ. Демек, қазақтың киімінің шариғатқа ешқандай қайшылығы жоқ деген сөз. Қазақтың қыздары қызыл көйлек, қызыл нымша, үкілі қызыл телпек киген. Кейін заманға лайық етіп, үкілі қызыл телпекті қызыл орамалмен ауыстырған. Келін болмай тұрып, басына ақ тартпаған. Міне, қазақ осылайша, келін мен қызды ажырататын болған. Қара – қайғының белгісі, сондықтан одан қазақ қыздары қашық болған. Қазір де көп жерде осы дәстүр сақталған. Сондықтан хиджаб кигенше, өз ата-салтымызды дамытқанымыз дұрыс.
«Хиджаб», «Пәренже» дауына нүкте қоятын кез келді
Қалай десек те, «Хиджаб», «Пәренже» дауына нүкте қоятын кез келді. Әйтпесе бұл қазақтың ата-бабадан ұстанып келе жатқан ұлттық құндылықтарын жоюға алып келетінін мамандар қанша рет көтеріп келеді. Бірақ, нәтиже шығар емес. Жат ағымдар елге үгіт-насихаттарын үдетуде. Дегенмен діни фанатизмді ұлттық мүддеден жоғары қоюдың қажеті жоқ.
Тағы қайталап айтайық, қазақ қызы ешқашан жүзін тұмшаламаған. Рәтбек қажы айтқандай, қазақ қызы үкілі бөрік, бүрмелі көйлек, оюлы камзол киген. Бұл – тарихи айғақ. Тазалық үшін келіндер басына орамал тағып, әжелер кимешек киген. Бірақ оны хиджабпен салыстыруға келмейді. Бір өкініштісі, бізде өзіміздің ұлттық нақышқа лайықтап, киім тігетін отандық өндіріс орны жоқтың қасы. Осының салдарынан жат елдердің киімін киюге мәжбүр болдық. Арабтың дәстүрлі киімі – хиджаб та осылай елімізге еніп кетті. Өкініштісі сол, олар тек киімін емес, дәстүрімізді жоққа шығаратын діни ағымдарын да алып келді.
Бұл ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Түркістан қаласына барған сапарында хиджаб пен пәренже қазақтың ұлттық киімі еместігін баса айтқан болатын. Елбасының өсы сөзімен мақаламызды қорытындылағымыз келеді.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Мен студент жəне оқушы қыздарымыздың хиджаб немесе пəренже киюіне түбегейлі қарсы болғанмын. Біздің əйелдер ешқашан оны кимеген, жүздерін жасырмаған. Біздің сан ғасырлық тарихымызда мұндай дəстүр болған емес. Қазір осы бір үрдіс бізге жабысып алды. Біз Ислам мен Ислам атын жамылған ағымдарды айыра білуіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста