Халықаралық ғылыми жиындардың маңызы зор

Халықаралық ғылыми жиындардың маңызы зор

Сабри Хизметли, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры, доктор, профессор:

Маусымның 12-14 аралығында Алматы қаласында  «Қазақстан-2050 стратегиясы: мәңгілік ел» бағдарламасын қолдауға байланысты «Алматы-2015 – ислам мәдениетінің астанасы: мәдениеттер астанасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық симпозиум өтпек. ҚР білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің 10 жылдығына орай өтетін халықаралық жиында Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстанның мемлекеттік басқару мекемелерінің өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар баяндама жасайды деп күтілуде. Жиын қарсаңында осы шараны өткізуге ұйытқы боп отырған Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры, доктор, профессор  Сабри Хизметли мырзамен сұхбаттасқан едік.

Сабри бей, алдағы аптада өткізілгелі отырған халықаралық жиынның ерекшелігі неде? Жиында қандай тақырыптар қозғалады?
— Алматы қаласы Бішкектен «Ислам мәдениетінің астанасы-2015» мәдени бағдарламасының эстафетасын қабылдағаны белгілі. Сөйтіп Алматы қаласы «Ислам мәдениетінің астанасы – 2015» болып жарияланды. Бұл бағдарламаға қатысты Шет тілдер және іскерлік карьера университеті де халықаралық деңгейде алқалы басқосу өткізуді жоспарлап отыр.
Үш күнге созылатын симпозиум «Алматы: Ислам мәдениеті астанасы», «Орта Азия Ислам мәдениеті мен өркениеті», «Түркі халықтарының ұлттық және рухани құндылықтары», «Орта Азия түркі ойшылдары, ғұламалары және мемлекет қайраткерлері», «Түркі дүниесінің біртұтастығы және ортақ мәдениет саласындағы проблемалары», «Қазақстан Республикасы Шет тілдер және іскерлік карьера университетіне 10 жыл», «Алматылық тұлғалар: мемлекет, қоғам, өнер қайраткерлері» деген секциялар бойынша жүргізілмек.
Жуырда Түркияда Түркі дүниесі экономикалық форумы өткенінен хабардармыз. Бұндай жиындардың ғылым үшін маңызы қай дәрежеде?
— Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Түркі дүниесі экономикалық форумын дәстүрлі түрде өткізеді. Биыл төртінші рет Түркияның Чорум қаласында ұйымдастырылды. Университетіміздің Түркиядағы мемлекеттік Хитит университетімен бірге ұйымдастырған форумға түркі әлемінен 230 баяндамашы қатысты. Қазақстаннан 50, университетімізден 8 зерттеуші баяндама жасады. Тең төраға ретінде Чорум қаласының әкімі және ұлттық мәжілістің депуттарымен кездесу өткіздік. Халықаралық ғылыми жиындардың мемлекеттер арасында ғылыми ынтымақтастық орнатуда маңызы зор деп білемін. Форумда оқылған баяндамалар Хитит университеті мен Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ғылыми-педагогикалық журналдарында басылады. Маусымның 12-14 күндеріне жоспарланған халықаралық симпозиум да сәтті өтетініне сенеміз.
Әңгімеңізге рахмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста