Ұтқыр ұтысқа жеткізер өсиет

Келешегім, Алаш баласы, саған айтам...
Ұлттық құндылық пен ұлылық атаулының өзін ХХІ ғасыр ағымына лайық жетілдіре отырып, өзге ұлт-ұлыстардан ерекше күйде оздыра білу, бұл – есті де текті кісілік пен кемел де кемеңгер білгірліктің белгісі екені хақ. Бұл, әрине, бүгінгі уақыттың, бүгінгі замананың аса айрықша қатаң талабы екені де сөзсіз.
Жалпы әлемдік жаратылыс атаулы небір құпияларға, тылсым сырларға толы. Адамзат баласының өмірлік тіршілігі мен өркендеу, көркею жолдары да соның бірінен саналады. Әрбір халық өзін-өзі дана санайды және басқа жұрттан артық сезінеді. Сөз жоқ, бұл – табиғи заңдылық, табиғи үрдіс. Бұл әлемдік барша халыққа, әсіресе қазаққа да ортақ құбылыс.
Қазақ қауымында ел тарихын, ұлт шежіресін, рулық ата-бабалар шежіресін әйгілі ұлттық тұлғалар арқылы зерделеу, оны ұл-қыздарының ой-санасына мұқиятты түрде сіңіре отырып, алтын тектілікке, ұлылыққа, тұлғалыққа баулу – қазақтың таным-түсінігінде ертеден қалыптасқан ең озық ата салт-дәстүр, ең ұтымды да ең ұтқыр үрдіс. Өйткені, кез келген этностың халық болып қалыптасуының өзі табиғи дамудың, сатылы әлеуметтік, саяси-экономикалық дамудың барлық деңгейінен өтіп, ой-санасы өсіп, дүниетанымы кеңейіп, өмірлік тәжірибесі молаюының, рухани баюдың арқасында марқаюына, дана, білікті-білгірлердің ақылман талғам-таразысы мен ой-өрісіне, бізге көздің қарашығындай мінсіз қорғай білуге жеткізе отырып, бүгінгі және келешек ұрпаққа мәңгі мұра, аманат-өсиет етіп қалдырғаны белгілі. Күллі текті ұлы Ата-Бабаларымыздың қанына бөккен киелі жері, қасиетті елі дегенде, оның ешкімге де кіріптарсыз алаңсыз азат елдігі мен ұлағаты зор ұлттығын қапысыз сақтай білу дегенде, қазақ деген мәңгі елін, ұлттық намысын бұрынғыдан да бетер асқақта білетін жеңімпаз көкбөрі, есті де текті ұрпақтарын қаулата өрбіту дегенде әр қазақтың, оның отбасының ұлттық ұстанымына, өре-деңгейіне байланысты екендігі, нағыз кекті де принціпшіл, азаматтық әрі озық халықшыл, әрі ұлтшыл позициясына, ақыл-ойына, ұлттық намысына, парасатты даналығына, асқақ тұлғалығына, кемеңгер елтұтқа, жанкешті ірі кісілігіне тікелей байланысты екендігі даусыз. Әлбетте, ұл-қыздарымыз көсем не министр, не академик болып, анадан дайын күйде туыла қалмайды. Үнемі іздемпаз да талғампаз іскерлікпен ең ұтымды да ұтқыр, ең озық да асыл тәлім-тәрбие, білім-ілім... бере білудегі тынымсыз еңбек қана туғызады. Демек, алда алуға міндетті асуларға қатысты таным-талғам-түйсік атаулыны үнемі жаңаша жаңалап, жетілдіріп, оздырып отыруды қажет етеді. Әйтпесе, тот басады, мүлдем өшеді.
Жалғыз туған Отанымыздың, туған халқымыздың қадір-қасиетін білу үшін ең алдымен оның орасан зор бай тарихын, ұлттық даму үрдістері мен өсиеттерін жан-жақты терең игере білуден, оны ұтқыр күйде меңгере білуден басталады. Әрбір адам тек ат үстінде жүріп, қара қылды қақ жара білген әділ билері мен елін қорғай білген қаһарман батырларын, топ жара білген үздік шешендері мен халқына қалтқысыз пана бола білуде тек жанқияр дәрежеде қызмет ете білген халықшыл, азаматтық парасаты зор асыл перзенттерін, жеңімпаз көкбөрілерін, көреген кемеңгер елтұтқаларын таниды, олардың өрлеу жолдарын, биікке шарықтау ірі кісілік келбетін саралай ұғынады, іштей қайта-қайта сансыз рет қайталап, кең тынысты ойы мен жүрегіне, зерек санасы мен сергек бойына шегелеп сіңіреді. Оларға үнемі еліктеу құштарлығымен ұқсауға, қайткен күнде де, сондай ұлттық тұлға бола білуге құлшыну, өзіне үлгі-өнеге тұта жүріп, пір тұтына жүріп, үйрену, жетілу, меңгеруді ұтымдылықпен игереді. Олардан өзі де оқшау оза білуге жанталаса құлшынады, ерекше мүдделі іздемпаз де талғампаз жігерін еселеп құрыштай ширата түседі.
Бүгінгі ұл-қыздарымыз кешегі ата даңқымен емес, керісінше өз даңқымен атақты бола білуге айрықша мүдделі түрде құлшыну, оған қалай болған күнде де қолын жеткізе білу, бұл – ең ұлы бақыт, ең ұлы ғанибет. Олай болса, ұлттық ұлылық пен ұтқыр құндылықтарды ұл-қыздарымыздың ой-санасына, өн бойына ыждаһаттылықпен жаңаша шегелеп сіңіре білуді, оларды бұрынғыдан да бетер үнемі жетілдіріп отыруды есті де текті күймен үнемі ескере білу, олардың ұтымды артықшылықтарын ерекше күйде жетілдіре түсу, қайткен күнде де оздыра білу, бұл – нағыз есті де текті кісілік пен кемел кемеңгерлікке қолын жеткізе білудің ең шырқау шыңы болмақ.
Кеше есті де текті алтын заманда Атам қазақ: «Қызым саған айтамын, ал келінім сен тыңда, іске асыр!» дей отырып, күллі қыздарын әлемде теңдесі жоқ дәрежеде озық тәрбиелей білген, көреген кісілікпен ұтқыр өрбіте білген, қысқасы, шоқтығы биік еланасы, ұлтанасы ете отырып, ұлттық мақтанышқа айналдыра білген қазақ. Байтақ жер, ел дегенде, ұлт, ұрпақтың бүгінгі және келешек тағдыры дегенде ұлдарын намыс-шыл, жеңімпаз ұлттық қыран, қыздарын намысшыл ұлттық ұлан ете білген ұлы қазақ.
Қалай дегенде де ендігі жерде, ендігі уақытта ХХІ ғасыр ағымында осынау қазақтың дәрежесінде жаңаша терең ойланып, ұлт, ұрпағымыз үшін кемел жанашырлықпен жаңаша толғанып, өткен ұлттық құндылық пен асылдық атаулыны көреген ұтқырлықпен жан-жақты жаңаша талдай отырып, оның озық асылдығы мен гауһарларын жаңаша саралап таңдай білуді аса айрықша қажет ететін және оларды жаңаша оздыра білетін, ұл-қыздарымызды міндетті түрде ұтқыр асылдықпен жаңаша өрбіте білетін, бүткіл қазақ жаңаша озық күйде ғұмыр кеше білетін күн туды. Ұлттық мүддені Ту етіп ұстайтұғын, ұлттық намысты асқақтата білетұғын жеңімпаз көкбөрі және қажымас қайсар, есті де текті қайраткер қазақты ғана армандаймын.
Иә, қазір бәсекелі күрес пен жарыстың жанталасты күйге түскен және оны қалай да оздыра білудің, жеңімпаз көкбөрі бола білудің заманы. Әлемдік жаһандану-ғаламданудың озбыр аждаһа айдаһарларын жүгенсіз өрбіту кезеңінде жеңімпаз мықтылар кемел тектіліктің арқасында ғана аман қалатыны, ал ұлтсыз, тәрбиесіз, намыссыз, жігерсіз, әлсіз... жұтылып кететіні сөзсіз, яғни жер бетінен толық жоймай тынбайтын сұм заманы келді. Тұл қоғамда ұлт рухын шектеген. Сол себептен де ұлағаты орасан зор төмендегі ұлттық ұтқыр ұтысқа жеткізер ғибратқа толы өсиетті һәм қазақ қаперінде сақтап, күнделікті өмірде ұстана білу мақсатында ұсынғанды жөн санадық.
Ендеше жаңаша ойлан, Қазақ! Жаңаша оян, Қазақ! Теңдесі жоқ көкбөрілік рухты жаңаша қайта тірілте отырып, ұлттық ой-сананы, намысты серіппедей серпіліске, адуынды сілкініске жаңаша түсіре отырып, тезірек асылдан, Қазақ! Тәуелсіз елдікке міндетті түрде қол жеткізе білу мақсатында тек ат үстінде жарық жұлдыздай жарқыраумен, жалындаумен ғана жүріп, байтақ елге, оның бүгінгі және келешек ұрпақтарына мінсіз қорған болмай, қапысыз пана болмай өлмейтұғын есті де текті көсем бола біл, Қазақ!
Тәуелсіз де озық Елдік келбет, жеңімпаз көкбөрі Ұлттық келбет бәрінен де аса қымбат! Жұдырықтай жұмыла атсалысайық!

А н а ө с и е т і
Исламға дейінгі кезеңде өмір сүрген Үмама деген ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре қоймаған мынадай өсиет айтқан екен:
«Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы жеткілікті болып күйеуге шығуды қажетсінбейтін адам болса, онда бәрінен бұрын бұған сен лайық болар едің. Алайда өмір заңы басқаша, ер адам қалайша біз үшін жаратылған болса, әйел де о баста ер адам үшін жаратылған.
Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке-шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның ризашылығын алып отырғайсың, сонда ол да сенің алдыңда құлыңдай құрақ ұшатын болады. Сен оны сыйлаған сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды істейтін болады.
Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен оларды бұлжытпай орындайтын болсаң, онда күйеуіңмен ара-қатынасыңда мін болмайды:
• Үйге ішіп-жейтін не әкелсе де шын жүректен қабыл ал, қанағат иесі бол.
• Не істе десе, соны істе, тыйым салған нәрселеріне жолама.
• Үй ішін де, үсті-басыңды да таза ұста.
• Күйеуіңе жақсы көрінуге тырыс, жақсы иістеріңнен себіне жүр. Ол сенен тыжырынбайтын болсын.
• Ұйықтайтын, тамақтанатын кездерін жақсы біл. Ол бұларды қай уақытта қажет ететін болса, сен сол уақытта тамағын әзірлеп, төсегін салып қой. Өйткені қарын аштықтан, ұйқысыз күйреуден барып адам ашу шақырғыш келеді.
• Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай сақта, қолда барыңды ысырап жасаушылыққа жол берме.
• Оның абыройын ойла, тума-туыстарына да құрметпен қара.
• Оған қарсы шығушы болма.
• Отбасыңның құпиясын сыртқа шығарма және күйеуіңнің сырын елге жайма. Күйеуіңе қарсы шықсаң, онда саған деген оның өшпенділігі оянады, ал сырын елге жайсаң, қиянаттан көз ашпайтын боласың.
• Күйеуің қайғырып отырғанда – сен қуанышты болма, күйеуің қуанышты кезде – сен қайғырма».

ХХІ ғасыр өсиетінен үзінді:

• Қызым, сен бізден кеттің, жат жұртқа өз еркіңмен жеттің. Ендігі жерде ең алдымен өз отбасыңның тек суыспас сүйіспенді татулығы мен ынтымақты тірлігін көргенді тектілікпен сақта. Ұл-қызыңның бүгінгі және келешек бақытын көреген де кемел кісілікпен мұқиятты түрде жан-жақты талдай отырып, терең ойла.
• Биік талғам – текті адамның бірегей бапкері. Қамшының сабындай қысқа Өмір қас қағым сәттен, бәсекелі күрес, жарыстан тұрады. Бәрі де майдан. Тек іскер де қайсар, ерекше мүдделі күрескерлікпен оза білген жеңімпаз адам ғана өмірі бай-қуатты, бақытты дәрежеге қол жеткізеді.
• Ұлттық мемлекет құру – ең ұлы мақсат. Әрбір ата-ананың принціпшіл ұлттық ұстанымы аса жоғары, ұлттық мүддесі құрыштай аса мықты болса, онда ұл-қыздарымыз бен шәкірттеріміздің өмірлік мұраттары да әрқашанда асыл болады.
• Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Отбасыңда ұл-қызыңа замана ағымына лайық прогрессипті бағытта ұлттық ең озық тәлім-тәрбиені, мықты денсаулықты, сапалы да терең, жан-жақты білім-ілімді бере алатын, ұтқыр үлгі-өнегенің ең асыл үрдістерін күнделікті көрсете алатын шын мәнінде білімді, білікті, кемел, кемеңгер ұстаз бола біл. Қолда барды ұтқыр ұқыптылықпен үнемдей білуді үйрет.
• Талдай алмаған адамның таңдауы оңбайды. Ұл-қызыңның бүгінгі және болашақ бақыты үшін нағыз адал, іздемпаз да талғампаз, көреген де кемеңгер, көсем іскерлікпен ұтымды күйде дұрыс өмір сүре біл. Өзіңнен-өзің қатаң түрде талап ете біл.
• Кез келген өмірлік қиындықты жеңе отырып, асқар асуды бағындыра білу мақсатында ең алдымен өзіңді-өзің жетілдіре білу, оздыра білу, өзгерісіне үнемі түсіре білу, қысқасы жаңаша ұтқыр да озық ғұмыр кеше білуде тек жеңімпаз бола білу аса қажет.
• Биіктен көрінгің келсе, онда ең алдымен өзіңді-өзің тезірек өзгерте біл, қатаң талап пен бейнетқорлықты күшейте біл.
Сонда ғана отбасың, жан-жағың әрі мәнді де сәнді, әрі мағналы да сапалы, әрі өнегелі де озық күйде ғұмыр кеше аларың хақ.

Молдағали МАТҚАН,
Халықаралық Мұстафа
Кемал Ататүрік атындағы
Алтын медалдің
иегері, қоғам қайраткері,
публицист-жазушы, академик

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста