ҰШЫР НИСАБЫ МЕН ШЫҒЫНЫ ҚАНДАЙ?

ҰШЫР НИСАБЫ МЕН ШЫҒЫНЫ ҚАНДАЙ?

Ұшыр – жерден шыққан өнімдерден берілетін зекет. Араб тілінде ұшыр «оннан бірі» деген мағынаны білдіреді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мuftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Жер өнімдерінен (егін және жеміс-жидек) зекет беру – парыз. Алла Тағала Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Тапқан нәрселеріңнің және Біз сендер үшін жерден шығарғандарымыздың жақсыларынан (қайырға, зекетке) жұмсаңдар» ([1] «Бақара сүресі», 267-аят) десе, тағы бір аятта: «Жинаған күні ақысын (ұшыр садақасын) беріңдер» («Әнғам» сүресі, 141-аят) деген.

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жерден шыққан өнімнен берілетін зекет мөлшерін баяндап: «Жаңбыр және ағын суымен суғарылған егістік өнімінің оннан бірі, шелекпен суарылғанның жиырмадан бірі беріледі», – деген (Бұхари, Мүслим).

 

Имам Әбу Ханифаның (Алла оны рақымына алсын) көзқарасы бойынша ұшырдың белгіленген нисап мөлшері жоқ. Жерден шыққан өнім аз бола ма, көп бола ма, сақтауға жарамды бола ма, жарамсыз бола ма, бәрінің зекеті беріледі. Тек отын, қамыс, шөптен зекет берілмейді («Әл-Һидая шарх Бидаяту әл-мубтади», 2/209). Алайда ағаш, қамыс, шөп арнайы жерге егіліп, қоршауға алынып, суарылып күтім жасалса, одан ұшыр беріледі («Әл-Һидая шарх Бидаяту әл-мубтади», 2/211). Имам Әбу Юсуф пен имам Мұхаммед және жұмһур ғалымдар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес уасақтан аз болса зекет берілмейді» (Бұхари), – деген хадисін негізге алып, бес уасаққа жетпеген өнімнен зекет берілмейді дейді. Мұндағы уасақ – өлшем бірлік. Бір уасақта алпыс сағ бар. Ғалымдар сағты келімен есептеуде әртүрлі пікір айтқан. Соның ішінде таңдалған пікір: бес уасақ – 653 келіге тең. Сондай-ақ имам Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің көзқарасында егін бір жыл сақтауға жарамды болуы керек. Сақталмайтын көкөністерден зекет берілмейді дейді («Әл-Һидая шарх Бидаяту әл-мубтади», 2/209). Ханафи мәзһабында егінге жұмсалған шығындар (жұмысшылардың айлығы, жер жыртатын ірі қараның ақысы, өзендерден арық тарту, т.с.с.) есепке алынбайды («Әл-Иная шарху әл-Һидая», 1/576).

 

Ислам фиқһы академиясының жер өнімдерінің зекетіне қатысты Кувейт қаласында өткен 13-отырысының қарарында: «Егінді суаруға, жерді өңдеуге, каналдарды қазуға, топырақты тасымалдауға жұмсалған шығындар есепке алынбайды. Сондай-ақ тұқым, тыңайтқыш, егінге керекті дәрілерді сатып алуға жұмсалған қаражаттар өз қалтасынан жұмсалса, ұшырды шығаратын кезде есепке алынбайды. Егер тұқым, тыңайтқыш, егінге керекті дәрілерді қарызға алуға мәжбүр болса, онда бұл шығындарды шығарып, қалғанынан ұшырын береді. Бұл кейбір сахабалардан, атап айтқанда ибн Омар мен ибн Аббастан (Алла оларға разы болсын) жеткен. Диқаншы ұшырды тиісті жеріне жеткізуге жұмсалған қаржыны зекет қаржысынан алып, қалған өнімнен зекетін шығарады» (Ислам фиқһы академиясының 13-отырысының №120 (2/13) қарары, 245-бет. Фиқһу әз-зәкат, 1/391-397).

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста