ҰШАҚТА АУЫЗ АШАР УАҚЫТЫ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?

  • 14
ҰШАҚТА АУЫЗ АШАР УАҚЫТЫ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?

Ораза тұтушының ауыз ашу уақыты ақшам намазының уақыты яғни күннің батуымен байланысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі fatua.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайында Құран Кәрімде:   وَ

 

كُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ مِنَ الْفَجْرِ ثُمَّ أَتِمُّوا الصِّيَامَ إِلَى اللَّيْلِ  

 

«Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де соңсоң оразаны кешке (күн батқанға) дейін толық орындаңдар».[1]  

 

Ибн Әбу Ауфадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбармыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):  

 

إِذَا رَأَيْتُمُ اللَّيْلَ قَدْ أَقْبَلَ مِنْ هَا هُنَا -وَأَشَارَ بِيَدِهِ نَحْوَ الْمَشْرِقِ- فَقَدْ أَفْطَرَ الصَّائِمُ  

 

«Бірде, біз күннің батқанын байқай алмағанымызда Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Түннің мына жақтан түсе бастағанын көрсеңдер, ораза тұтушы аузын аша береді», - деп саусағымен шығыс тарапты көрсетті», – деген.[2]  

 

Бұл Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) күннің көзі бұлттан көрінбей тұрғандықтан ауыз ашу уақытын анықтауға байланысты айтылған деп түсіндіріледі[3].  

 

Осы дәлелдерді алға тартып ғұламалар тұрғылықты және сапардағы адам өзі тұрған жерінде күннің батуымен және бұлытты күні айналаға қараңғы түскеннен бастап ауыз ашатындығын айтқан[4].    

 

Қазіргі сәтте көпшілік қолданатын намаз уақыттары мен арнайы Рамазан айына арналған ораза тұту кестелерінде белгіленген күннің батуы тек жазықты жер үстінде жүргендер үшін арналған. Себебі, жер шарының шығыс пен батыс бөлігінде түн мен күннің алмасу уақыттары әртүрлі болатыны сияқты, жерден жоғары қарай биіктеген сайын күннің бату мезгілі өзгереді.

 

Ғалымдар бұл мәселеде Александрия қаласында болған тарихи мұнараның биіктігіне сай үкім берген. Яғни, қазіргі таңда шамамен 50 қабатты биік ғимараттардың және таудың басында тұрған адам өзінен төменгі жазық жердің ауыз ашар уақытына қарап ауыз ашуы дұрыс болмайды. Мұндай жағдайда ораза тұтушы ең алдымен күннің батқан сәтін анықтап, ауыз ашу уақытын нақтылағаны жөн[5].    

 

Сондықтан биіктікте ұшып бара жатқан ұшақ жолаушылары күн толық батқаннан кейін ауыздарын ашады.

 

Ал күннің батуын көру мүмкіндігі болмаса түн қараңғылығы көріне бастаған уақыттан бастап ауызын ашқаны дұрыс болады.  

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 188
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 237
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста