ҮШ ЖЕРГЕ ДӘРЕТ СЫНДЫРҒАНДАР ЛАҒЫНЕТКЕ ҰШЫРАЙДЫ

ҮШ ЖЕРГЕ ДӘРЕТ СЫНДЫРҒАНДАР ЛАҒЫНЕТКЕ ҰШЫРАЙДЫ

Шариғат бойынша әжетхана әдебін сақтап жүрміз бе? Дүниежүзі бойынша әлем елдері 19 қараша күні Әжетхана күнін атап өтеді. Оның ішінде маңыздысы – әжетхана әдебін сақтау. Ал ол әдепті сақтауда шариғатта өзіндік ережесі бар. Бұл ереже бойынша әжетханаға кірген-шыққанда нені ескермей жүрміз? Оны төменнен оқып біле аласыз.

 * Кісі елдің көзінен таса жерде әжетін өтеуі керек. Бұл үшін қазір әжетханалар бар.

* Тамақтан кейін әжетханаға кірмей тұрып қол шайған абзал. Бұл арқылы сырттан қолымызға жұққан түрлі микробтардың басқа жерлерге таралуының алдын аламыз.

* Әжетханаға кіргенде баскиім және аяққа арнайы сүйретпе киген дұрыс. Бұл әсіресе, әжетханасы үйдің ішінде орналасқандарға қатысты. Сол сияқты, жеңді сыбанып, шалбардың балағын қайырған жөн.

* Әжетханаға Алланың және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) есімдерін немесе Құран аяттарын ала кірмеу керек.

* Әжетханаға сол аяқпен кірген жөн. Әбу Һурайрадан жеткен риуаятта: «Кімде-кім әжетханаға сол аяғымен емес оң аяғымен кірсе, кедейлікте сыналады», - делінген.

 * Кірген кезде: «Әғузу билләһи минәль Хубси уәль Хабаис» (еркек және ұрғашы жындардан Саған сыйынамын) деген дұғаны оқу – мұстахаб.

* Қажеттілік туындамаса, әжетханада сөйлемеу керек.

* Әжетханада отырғанда мүмкіндігінше, құбылаға алдымен немесе артымен қарамай, оң яки сол жақ бүйірімен отыру керек.

* Әжетханада жүрелеп отырғанда оң тізесін көтеріңкіреп, сол аяғын басыңқырап отырған жөн.

 * Әжетін өтеп болған соң истинжа жасау – сүннет. Истинжа дәрет қағазымен, кесек таспен немесе су қолдану арқылы жасалады. Бұның ішіндегі ең абзалы – су қолдану. Егер үлкен немесе кіші дәрет шыққан жеріне жайылатын болса, онда сумен тазалану – уәжіп.

* Истинжаны сол қолмен жасау керек. Оң қолмен истинжа жасаудың үкімі – жеңіл мәкрүһ.

* Кіші дәретті мүмкіндігінше отырып жасаған жөн. Тирмизиден келген бір хадисте Айша анамыз былай дейді: «Біреу сендерге Пайғамбар (с.а.у.) тұрып дәрет сындырды десе, ол сөзге сенбеңіздер. Ол тек қана отырып дәрет сындыратын».

 * Дәрет сындыратын кезде денеге, киімге зәр шашырамауына қатты көңіл аударған жөн. Әбу Дәуідте келген бір хадисте сахаба Әбу Мұса: «Дәрет сындырғысы келген кісі зәрі тез сіңіп кететін жерді таңдасын».

 * Жуынатын жерлерге дәрет сындырмау керек. Бұл – мәкрүһ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ешкім шомылатын (және дәрет алатын) жеріне кіші дәретін сындырмасын. Ол жерге кейін жуынады ғой. Шындығында, күмәннің көбі содан туындайды (нәжіс тиіп кеткен жоқ па деген күмән туындайды)».

 * Нәжіске қарамау.

* Ер кісілер кіші дәреттен кейін қалған зәрден толық арылу керек. Бұны шариғатта «истибра» дейді. Бұның үкімі – уәжіп. Пайғамбарымыз бір сөзінде былай дейді: «Зәрлеріңді толық шығарыңдар. Шынында, қабірдегі азаптың көбі соның салдарынан болмақ!»

* Көпшілік орындарға, жолға, көлеңкеге дәрет сындыруға тыйым салынады. Сахаба Муғаздың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Лағынетке ұшырағандардан ұзақ тұрыңдар. Олар мына үш жерге дәрет сындыратындар: Тұрған суға (немесе адамдар жиналатын су жағалауларына), жол ортасына және көлеңке жерлерге».

* Әжетханадан оң аяғымен шығып, «Ғуфранәкә» (кешіріміңді тілеймін) деу – мүстахаб.

* Әжетханадан шыққан соң мүмкіндігінше қолды иіссабынмен жуу керек.

 islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста