Туған-туысқандар жаңа жылға орай тілек айтып жатады. Соған не дейміз?
Әссәләмуғалейкум! Бір сұрақ жаңа жылыңмен деп тілек айтып жатады соған не дейміз? Қайсар
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Туған-туыстар немесе дос-жарандар жаңа жылға орай тілек білдіріп, құттықтап жатса, тілекке тілекпен жауап берудің шариғи тұрғыда ағаттығы жоқ.
Құран Кәрім, Ниса сүресінде, Алла тағала былай дейді:
«Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырағын немесе соның өзін қайтарыңдар. Шәксіз Алла әр нәрседен есеп алушы»[1].
Осы тұрғыда «әссәләму ғалейкум» деп сәлем беру - негізінен алып қарағанда тілек болып табылады. Мағынасы: «Саған есендік болсын» деген ұғымда. Ендеше, аталмыш аяттан тек берілген сәлемге жауап қайтару ғана емес, айтылған тілекке де жауап берудің дұрыс нәрсе екендігін ұғынуға болады.
Ескертпе: Осы сұраққа берілген жауаптың аудио-видео нұсқасын төменнен тыңдай аласыз:
[1] Нисә сүресі, 86 аят.
Абдусамат Қасым