Төрт түрлі адамның халін сұрамаңыз...

Төрт түрлі адамның халін сұрамаңыз...

Күнделікті тұрмыста біз көп жайттарға, әсіресе, имандылық мәселелеріне мән бере бермейміз. Кейбір ұсақ-түйектің өзінде үлкен мәселе барын түсінбейміз.
Ілуде бір болмаса, Құранды егжей-тегжейлі оқып жатқан адам жоқтың қасы. Олай болса, тым болмаса Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар хадистерін көңілге тоқи жүргеніміз абзал. Бүгін «Алаш айнасы» сайтында адамгершілік жайына қатысты кейбір хадистерді жариялап отырмыз.

*Үш кісінің берген батасы қабыл болады. Ол – атаның балаға берген батасы. Жолаушының батасы, жарлы-кедейдің батасы.

*Үш нәрседен үмбетім құтылса екен. Біреуге біреудің қастандығынан, өсек-аяңнан және ырым-жырымнан. Осы үш сипаттан құтылу үшін бір жақсы жол нұсқайын: біреудің сыртынан өсек айтпаңыз. Сол сөзді үкім ретінде ұстанып, қатып қалмаңыз. Біреуге қастықпен жамандық істемеңіз. Бір ырым жасасаңыз, оған тәуекел қылмаңыз. Өз нәпсіңізді берік ұстаңыз, мұндай жамандық сізде болмауға тиіс.

*Мұсылман адамдарға үш нәрсе уәжіп. Бірінші, науқас адамның көңілін сұрау. Екінші, жаназаға қатынасу. Үшінші, түшкірген адамға «алла саулық берсін» деп тілек айту.

*Үш нәрсе үмбетімнен кетпеуге бейіл. Бірінші, нәсіл қуып, өзінің тегіне мақтану. Екінші, жаназа үстінде өкіріп жылау. Үшінші, жұлдыздарға қарап бал ашу. Осылардан арылса еді.

*Үш түрлі адам қиямет күнінде менің назарымнан тыс қалады:
1) Менің атымды атап уағда етіп, сол уағдасында тұрмаған.
2) Бір кедейді қорлап, оны құлдыққа салып, ақшасын жеген;
3) Ақы төлейтін қызмет істетіп, ақысын бермеген адам.

*Үш түрлі адамды айыптап, теріс қылығын сөз еткен дұрыс.
1) Ниеті бұзық адам.
2) Залымдық жасаған адам.
3) Әділетсіз ел басқарушы.
Шариғат жолы бойынша ғайбат айту – харам. Егер бір адам әр түрлі күнәлі істі ашық істесе, оны айыптау арам болмайды. Залымдықты ғайбаттаудан, дінді жамылып, әр қырлы теріс істерді оң деушіні ғайбаттаудан зиян жоқ.

*Төрт түрлі адамның халін еш уақытта сұрамаңыз:
1) Көпшіліктің берекесін кетіріп, халықтан қол үзген адам.
2) Әділ сұлтанға қарсылық көрсетіп, сол күнәсі бойынша өлген адам.
3) Жасынан қашып жүріп өлген адам.
4) Тұрмыстан қиындық көрмей, төрт құбыласы түгел, ері үйде жоқ кезде әсемдене жасанып, бөтен еркектер арасында жүрген әйел... Бұлардың бәрі де ниеті бұзық адамдар.

*Біреу Алла жолынан адасса, енді Алланың затына, сипатына шек келтірсе, тағы біреу Алланың рахметінен үміт үзсе, ондай адамдардан үміт-хайыр күтуге болмайды.

*Үш түрлі адамның дұғасы қабыл болмайды. Алла Тағала оларға көңіл бөлмейді. Ондайлар еш нәрседен сақтанбай, өзің сақтай гөр деген адам. Сонан соң жолаушылап келе жатып, малымды өзің сақта деп бос қоя берген адам. Малын тұсамай, Алла Тағала өзің сақта деп бос жіберген адам. Әр нәрсенің бір себебі болады. Соны толық біліп, дұға қылуға тиіс. Себебін тексермей, дұға жасау – ақымақтық.

*Алла Тағала қиямет күнінде үш түрлі адамның бет-жүзіне қарамайды. Олармен сөйлеспейді. Бәлкім, қаһар төгуі де мүмкін. 1) Айдаладағы суды жолаушылардың пайдалануына тыйым салған адам. 2) Ақшам кезінде дүкенін тез жауып, сұраушылардың сұрағанын бермей, алушыны ренжіткен саудагер. 3) Дүниені дәрежесі үшін, яки, ақша үшін бастыққа тарту етіп берген адам. Ондай адамдар ойлағаны іске асса, тартуым төленеді деп ойлайды. Егер төленбей қалса, қиянат жасайды.

*Алла Тағала үш түрлі адамға ықылас бермейді, жақсы қарамайды. Керісінше, азап тартқызады. 1) Қартайғанда ойнас жасаған адам. 2) Өтірікші бастық. 3) Өзінің кедейлігіне қарамастан тәкаппар адам.

*Алла Тағала мынадай адамдарды жақсы көрмейді. Ата-анасын ренжіткендер, еркек құсап жүретін әйелдер. Ұдайы арақ ішіп жүрген адам. Істеген жақсылығын міндетсіген адам. Мұндай адамдар жәннатқа кірмейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста