Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады

Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады

«Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деген бабаларымыз ұрпағының болашағын ойлағандықтан құда түсуді өмірінің басты бір қағидасының біріне айналдырған. «Тек» деген ұғым қазақ үшін қандай қасиетке не болса, «тексіз» деген сөз күллі жеті атасы түгілі жетпіс жеті атасына дейін жететін ауыр сөздің бірі болып саналады. Олай болса жоғарыдағы нақылдың өзіңіз-ақ бағамдай беріңіз. Зерделі сөздің зергері Қадыр Мырза Әлінің:

Қазақ осы құда бол деп қинайтын.

Құдаларын құдайындай сыйлайтын», - деген өлеңінен құдаға құрметтің ең жоғарғысы көрсетілетін айтылып тұр.«Құда-құда деседі құйрық бауыр жеседі», дегендей жылы-жұмсағымыздың бәрін солардың аузына тосамыз.

Жайылып жастық, иіліп төсек болып, асты-үстіне түсіп, қабағын бағып, қолайына жағып, әйтеуір, көңіліне көліңке түсіріп алмасақ екен деп бір-біріне ерекшеілтипатпен қарайтын жандарды да көрдік.

Бұрындары ұлына қызды үлкендер жағы өздері таңдаған. Алты қырдың астындағы ауылда «Бәленбай деген кісінің үйінде қыз өсіп келеді. Елден бұрын құда түсіп, сырға салып еншіліп қояйық» деп бекерге қам-қарекет етпесе керек. «Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды» деген қызыл көрсе қызыққан көңілмен емес, тегі жақсы елден қыз алып, тамырын тереңге салып, өмірінің жалғасы өзінің арнасы болатын ұрпағын ойлағандықтан осындай қадам жасаған. Екіншіден, «Бай – байға, сай сайға құядының» керін келтіріп, малының көптігі мен тасыған байлығына емес, бабасының бабасынан жалғасып келе жатқае тегінің тазалығына көңіл бөлген.

Әлбетте, ондай ауылдың қызына сөз салу үшін өзінің де ата-тегінің осал болмағаны ескеріліп жататыны айтпаса да түсінікті. Сондай тегі таза, тамыры мықты елден тараған небір баһадүр батырлар, адуын ақындар осынау ұшы-қиыры шексіз ұлан - ғайыр даланы жаудан қорғап, дауға бермей біздерге аманат етті. Осыдан-ақ құдалықтың қадір қасиетін арттыруда тектің алар орын қандай дәрежеде екенін аңғаруға болады.

Бұл игі дәстүр қазір де жалғасуда. Бірақ баяғы бабалардан қалған сара жолдың сарқыншағы ғана іспетті. Бүгінгі таңда баланы ата-анасы емес, екі жастың ортасындағы махаббат қосады. «Үйленгенше жаным дейтін, үйленге соң жанын жейтін» көріністер де қазіргі жалаң махаббат, жалған сөзімнің нәтижесіде орын алуда. Әрине өздері қосылған екі жастың барлығы да баянсыз ғұмыр кешіп жатыр деуден аулақпыз. Дегенмен дәл қазіргі таңда басқа-басқа қазақ жастарының ішінде бүгін сүйіп қосылып, ажырасып жатқандардың саны күннен-күнге артып келеді. Жоғардыға мысалға алғандай аталарымыздың тегін сақтап, теңін табу жолымен жүрсек, әлдеқайда жақсы болар ма еді?

Қыздар арасындағы ар саудасы мен ұлдардың намыссыздығы, оған қоса жалқаулық еріншектік, дайынға құмарлық, үлкеннің бетіне алып төсіне шабу, түрлі бұзақылық, ең аяғы қазақ ұл-қызының өз қандасына «қазағым» деп қарай алмайтын қасиетсіз мінездері пайда болуда. Мұның бәрі бабадан қалған қан тазалығы мен тегіміздің тамырына сызат түсіріп алғанымыздан. Ал құдалықтағы жөн-жоралғы, киіт кигізіп, ат мінгізу, қалың мал беруі құйрық-бауыр асатып, құрмет көрсетуі өз алдын үлкен әңгіме.

Жеті атамыз бір деп қыз алыспаушы еді аталарымыз. Бұл үрдіс те бұзылды қазір. «Тоғыз ата, он ата болып кеттік сүйек жаңғырту бола береді», деп үйленіп жатқан жастарымыз да бар. Мейлі ғой дегенмен де, бабадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрімізде аталас елдің ұл-қыздарының қосылуына бекер тыйым салынбаған. Ендеше сырттан енген өнегесіз көріністерді «демократия, өзім білемдікке» салып бойымызға сіңіріп, махаббат деген осы екен деп, кешеде, қоғамдық орындарда аймаласып бетімізді ашып алып ертең үйленгенде көретін қызығың үйреншікті әдетке айналып, аяғы бір-бірінен жалығуға, соңы ажырасуға апарып жатқанын есімізден шығармайық. Асаба жігіттерден «ҚҰДА» деген сөзді «қыз бен ұлды дайындайтын адам» деп талдағанын естігенде әзіл де болса шыныдық бар екен деп бір түйгенбіз. Құда түсудің бағасы қыз бойжетіп, ұл ер жеткенде емес, бала кезінен құдаласқан кезде артады. Иә, ол екеуі есейгенше кім бар, кім жоқ болмай жатса қайтерсін?» деген орынды сұрақ туындауы мүмкін. Ал аталарымыздың іште жатқанда ұл-қыз болса «бел құда», дүниеге келгеннен кейін сөз байласса «бесік құда»болатынын қайда қоямыз. Малын қызғанып, Баянның бағын байлаған Қарабайлар болмаса,Сарыбай пейілділер ортамызда жоқ емес. Ендеше тамыры тереңге жатқан «Құда түсу» дәстүрімізге атүсті қарамай, қайта жаңғырта отырып, тегіміздің беріктігі мен қанымыздың таза болуына мән бергеніміз жөн-ау.

 

Ж.Оспанұлы  

mazhab.kz/kk/maqalalar/din-men-dastur/quda-tusu-1261/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста