Әрбір мұсылман қасиетті Рамазан айында ораза ұстап, әр түнінде тарауих намазын оқитын болса, мынадай сауаптарға кенелетінін пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтып кеткен. Енді осыларға рет-ретімен тоқтала кетсек:
1- кешінде тарауих оқыса, анасынан жаңа туғандай пәк болады.
2- кешінде тарауих оқыса, ата-анасының күнәсы кешіріледі.
3- кешінде тарауих оқыса, Арш астындағы бір періште дауыстайды: «Амалыңды жаңадан баста, Алла Тағала сенің алдыңғы күнәларыңды кешірді».
4- кешінде тарауих оқыса, Таурат, Інжіл, Зәбур, Құран кітаптарын оқығандай сауап алады.
5- кешінде тарауих оқыса, Харам мешітінде, Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде, Ақса мешітінде намаз оқығандай сауап алады.
6- кешінде тарауих оқыса, Байтул Мағмурды (яғни, көктегі періштелердің тауап қылатын орны) тәуап еткендей сауап алады және жер бетіндегі құм-тас күнәсінің кешіруін сұрайды.
7-кешінде тарауих оқыса, Мұсаға (а.с.) жанында болып Һаманға және Перғауынға қарсы күресіп көмектескендей болады.
8- кешінде тарауих оқыса, Ибраһимнің (а.с.) сауабын алады.
9-кеште Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құлшылығындай сауап алады.
10- кешінде тарауих оқыса, күллі дүние-ақіреттің жақсылығын нәсіп етеді.
11-кешінде тарауих оқыса, анасының құрсағынан шыққандай таза болып дүниеден өтеді.
12- кешінде тарауих оқыса, қиямет күнінде толған айдай жүзі нұрлы болады.
13- кешінде тарауих оқыса, қияметтің қорқынышынан аман болады.
14- кешінде тарауих оқыса, періштелер оның тарауық оқығандығына куәлік етіп, Алла тағала оны Мизан таразысына салмайды.
15- кешінде тарауих оқыса, ол адамға Аршы, Күрсіні көтеріп тұрған және басқа періштелер салауат айтады.
16- кешінде тарауих оқыса, тозақ отынан құтқаратын және жәннатқа кіретін құжат береді.
17- кешінде тарауих оқыса, пайғамбарлардың сауабы беріледі.
18- кешінде тарауих оқыса, бір періште келіп періште: «Ей, Алланың құлы, Алла тағала сенен және сенің ата-анаңнан разы болды», - деп дауыстайды.
19- кешінде тарауих оқыса, Фирдаус жәннатындағы дәрежесін көтереді.
20- кешінде тарауих оқыса, шейіттер мен абзал құлдарының сауабы беріледі.
21- кешінде тарауих оқыса, жәннатта нұрдан жаралған үйді тұрғызады.
22- кешінде тарауих оқыса, қияметте қайғы-қасіреттен аман болады.
23-кешінде тарауих оқыса, Алла Тағала ол үшін пейіште қала тұрғызады.
24- кешінде тарауих оқыса, 24 рет қабыл болатын дұға беріледі.
25- кешінде тарауих оқыса, қабір азабынан құтылады.
26- кешінде тарауих оқыса, 40 жылдық сауабын Алла Тағала қабыл етеді.
27- кешінде тарауих оқыса, қиямет күні қыл көпірден пырақ секілді өтеді.
28- кешінде тарауих оқыса, жәннаттағы дәрежесін көтереді.
29- кешінде тарауих оқыса, мыңдаған қабыл болған қажылықтың сауабын алады.
30- кешінде тарауих оқыса, Алла тағала: «Пейіштегі жемістен же, Сәлсәбил көліне шомыл, Кәусар бұлағынан іш. Мен сенің Раббыңмын, сен Менің құлымсың», – дейді екен.
Алла тағала ұстап жатқан оразаларыңызды қабыл етіп, оқып жатқан тарауих намаздарыңызға отыз күнде берілетін осынша сауапты жазсын!
www.aisha-medrese1.kz сайтынан алынды
Тарауих намазының отыз күндік сауабы
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора