ТАҢҒЫ НАМАЗДЫҢ ПАЙДАСЫ

ТАҢҒЫ НАМАЗДЫҢ ПАЙДАСЫ

Марқұм әкемнің бір қызық мінезі бар еді. Таң қараңғысынан тұрып алып, намазын оқып болғасын, айқайлап, жұрттың бәрі оятатын. Күн шыққанда өлген адам ғана төсекте жатады дейтін. Талай жақтырмай күңкілдедік қой. Әсіресе қонақ келгенде ыңғайсыз еді. Бірақ өз дегенімен ғана жүретін әкем мейманның көңіліне қарап жатпайтын. Таң атты ма, бәрі тұру керек, болады...

Кеше Бекарыстан Мырзабай ағамнан қызық әңгіме естідім. Академик Ақжан Машанов Алматыда 1979 жылы оқыған бір лекциясында ислам діні туралы әңгімелеп, таңғы намаздың пайдасы туралы айтыпты. Бисмиллаһи рахмани рахим деп әңгіме бастағанда біраз ғалымдар бір-біріне қарап, залдың ішінде сыбыр-күбір көбейді дейді. Бірақ ғалым оған мән бермей, әңгімесін жалғай беріпті. Бекзат адам ғой, қазіргілердей қорқытып-үркітпей, таңғы намаздың пайдасын ғылыми түрде дәлелдепті. 

— Таң ата тұрып, қасыңыздағы адамға қараңыз, — депті ғалым, — ол қайта-қайта жұтынып жатады. Оның себебі тіршілік оянды, оның жүрегінің соғуы артты. Ауыз қуысындағы микробтар да «оянып», белсенді жұмысқа кірісті. Оның ұйықтап жатып, жұтына беретіні содан. Демек әлгі микробтарды ол ішіне жұтады. Оның ауыруға, өлуге деген «мүмкіндігі» ұлғаяды. Ал таң намазына тұрған адам дәрет алғанда, әлі белсенді қимылға түсе қоймаған ауыз қуысындағы микробтар шайылып кетеді... 

...Ақылға қонымды, ә? Қазақтың күнмен таласып ұйықтама дейтіні де сол ғой...

 Бауыржан Бабажанұлының фб парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста