Тәһəжжүт намазы жайында не білесіз?

Тәһəжжүт намазы жайында не білесіз?

«Ей, бүркенген жан! Тұр, түннің аз
бөлігінде ұйықтап,
қалған жарымында намаз оқы.
Немесе одан аздап кеміт. Не оған біраз қос»
(Мүзәммил" сүресі – 1-3 аяттар)

Бисмилләһир рахманир рахим!

Нәпіл намаздардың ішіндегі ең абзалы ол – түнгі тәһәджуд намазы[1]. «Тәһәджүд» сөзі «һүжүд» түбірінен шығады, оның мағынасы ұйқы. Ал, «тәһәджүд» – ұйқыдан кейін ояну дегенді білдіреді[2].

Шариғаттағы мағынасы – Құптан намазынан кейін, бір ұйықтап тұрып, түнде оқылатын нәпіл намазды «тәһәджүд» дейміз.

Ел терең ұйқыда жатқан сәтте, тәтті ұйқысын бөліп, мамық төсектен Аллаға мінәжәт етуге тұрған мұсылмандарға Жаратушы жанында зор сыйлық бар. Құран Кәрімде Жаратушымыз мүмін пенделерін сипаттай келе былай деп өтеді:

تَتَجَافَىٰ جُنُوبُهُمْ عَنِ الْمَضَاجِعِ يَدْعُونَ رَبَّهُمْ خَوْفًا وَطَمَعًا وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنفِقُونَ ﴿١٦﴾ فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَّا أُخْفِيَ لَهُم مِّن قُرَّةِ أَعْيُنٍ جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
«Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан тұрып,) Раббыларынан қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. Жасаған жақсы істеріне орай (Құдай иелігінде) сақталған, оларды қуантатын зор сыйлық барын ешкім білмейді»[3].

Ардақты Пайғамбарымыз да тәһәджүд намазының қадір-қасиеті жайында айтылған көптеген хадистерінің бірінде былай дейді:

" عَلَيْكُمْ بِقِيَامِ اللَّيْلِ فَإِنَّهُ دَأَبُ الصَّالِحِينَ قَبْلَكُمْ ، وَهُوَ قُرْبَةٌ لَكُمْ إِلَى رَبِّكُمْ ، وَمَكْفَرَةٌ لِلسَّيِّئَاتِ ، وَمَنْهَاةٌ عَنِ الْإِثْمِ "
«Түнгі намазға аса маңыз беріңдер. Оны сендерден алдыңғы өткен ізгі кісілер үнемі орындап жүретін. Түнгі намаз – Жаратушыларыңа жақындатады, жамандықтарыңды өшіреді және күнәлі істерге баруға тосқауыл болады»[4]

Тағы бір хадисте:

«إِنَّ فِي الْجَنَّةِ غُرَفًا، يُرَى ظَاهِرُهَا مِنْ بَاطِنِهَا، وَبَاطِنُهَا مِنْ ظَاهِرِهَا أَعَدَّهَا اللَّهُ لِمَنْ أَلَانَ الْكَلَامَ، وَأَطْعَمَ الطَّعَامَ، وَتَابَعَ الصِّيَامَ، وَصَلَّى بِاللَّيْلِ وَالنَّاسُ نِيَامٌ»
«Пейіште бөлмелер бар. Олардың ішінен сырты, сыртынан іші көрініп тұрады. Алла тағала ол бөлмелерді сөзі жұмсаққа, адамдарды тамақтандыратынға, (қосымша нәпіл) оразасын ұстайтынға және түнде адамдар ұйықтап жатқанда тұрып намаз оқитын кісіге дайындап қойды», - делінген.[5]

Тәһәджүд намазы қанша рәкәғат?

Хадистерге қарасақ Алла елшісі тәһәджүд намазын екі, төрт, алты, немесе сегіз рәкәғат етіп оқығандығын байқаймыз. Осыдан келіп ғалымдар тәһәджүд намазы ең азы - екі рәкәғат, ең көбі - сегіз рәкәғат етіп оқылады деген тоқтамға келген. [6].

Ибн Мәжәнің хадистер жинағында келтірілген риуаятта былай делінеді: «Ер кісі түнде тұрып әйелін де оятып,екеуі екі рәкәғат намаз оқыса, онда олар Алланы көп еске алушы еркектер мен Оны көп еске алушы әйелдер қатарынан жазылады».[7]

Сахих Бухариде келген хадисте Мәсруқ былай дейді:

«Мен Айшадан (р.а.) Алла елшісінің түнгі намазы жайында сұрағанымда: Оның намазы таң намазының екі рәкәғатынан басқа, жеті (үшеуі үтір), тоғыз(үшеуі үтір) және онбір рәкәғат (үшеуі үтір), – деп жауап берді»[8]

Сахих Бухаридегі тағы бір хадисте Айша анамыз: «Пайғамбар түнгі намазда он үш рәкәғат оқитын. Оның (үшеуі) үтір және екі рәкәғаты таң намазы(ның сүннеті)», - деген.

Тәһәджүд намазының уақыты

Тәһәджүд намазының уақыты - Құптан намазынан кейін басталып, таң намазының уақыты кіргенге дейін жалғасады. Осы аралықта ұйқыдан тұрып, тәһәджүд намазын оқи аласыз.

Дегенмен абзалы - түннің үшінші бөлігінде оқу. Яғни, егер күн батқаннан таң намазы уақыты арасын үшке бөлер болсақ, соның үшінші бөлігінде (таң намазының уақытына дейінгі) тәһәджүдті оқыған абзал. Осы уақытта тілеген тілектеріміз, еткен дұғаларымыз бен тәубелеріміз қабыл болатындығы хадисте айтылған.[9]

Алла тағала Құранда: «Түнде олар аз ұйықтайтын. Таң алдында жарылқау тілейтін»[10], - дей келе таң намазына дейінгі «сәхәр» уақытының маңыздылығына ишара етіп отыр. Сәхәр уақыты - таң намазына дейінгі шамамен 1-2 сағаттық уақыт, мұны түннің соңғы алтыда бірі деп те атайды. Әйтсе де, кей хадистерге қарасақ, Пайғамбарымыз (с.а.у.) түннің әуелгі жартысында ұйықтап, соңғы бөлігінде тұрып намаз оқитын. Намаздан кейін төсегіне жататын. Азаншы таң намазына азан шақыра салысымен атып тұратын. Егер ғұсылдану керек болса, ғұсылданатын еді. Болмаса, тек дәрет алып шығатын[12].

Ханафи мәзхабында, егер түнді үшке бөлсек соның бірінші бөлігі мен үшінші бөлігінде ұйықтап, ортаңғы бөлігінде тәһәджүд намазын оқудың абзал екендігін айтады[11].

Тәһәджүд намазы қалай оқылады?

Ұйқыдан оянған кісі бетін сипап, мүмкін болса, Али Имран сүресінің соңғы он аятын оқиды. Бұл – сүннет.
Дәрет алғанда мисуакпен аузын шаюы сүннет[13].
Тәһәджүд намазына бастамай тұрып, екі рәкәғат нәпіл намазын оқып алғаны жақсы.
Тәһәджүдті төрт, алты немесе сегіз рәкәғат етіп оқитын кісі, оларды екі рәкәғаттан бөліп оқығаны абзал[14]. Төрт рәкәғаттан бөліп оқыса да болады. Мұндай жағдайда, әуелгі отырысында тәшәһһүд дұғасын оқығаннан кейін, салауат оқылады да, (сәлем бермей) үшінші рәкәғатына тұрғанда, оны сәнә дұғасын айтып, әғузу және бисмилләмен бастайды.
Үтір намазын тәһәжжүд намазынан кейін оқиды. Алайда тәһәджүдке тұра алмайтындығынан қорықса, үтір намазын тәһәджүд уақытына қалдырмайды[15].
Ендеше ағайын, сауапқа кенеліп, Алла разылығына бөленгіңіз келсе, тәһәджүд намазын жиі оқыңыз.

 

[1] Тирмизи -№1614 хадис.
[2] قال الطبري‏:‏ التهجد السهر بعد نومة
[3] Сәжде сүресі – 16-17 аяттар.
[4] Әл-Мүстәдрак – (439) №1197 хадис.
[5] Байһәқи: Китәбус сүнән - №8272
[6] Шарху фатхул қадир – 1/465 бет.; Ибн Ғабидин: Раддул Мухтар – Матлаб фи Сәләтил Ләйл. 2/467 бет.
[7] Ибн Мәжә: Китабу иқамәтиссала – 1335 хадис.
[8] Фатхул бәри (Сахих Бухари шархы) - №1339 хадис.
[9] Бухари, Муслим.
[10] Зәрият – 16-17 аяттар.
[11] Ибн Ғабидин – 2/468 бет.
[12] Сахих Бухари – Китабут тәһәжжүд - №1095.
[13] Сахих Бухари – Китабут тәһәжжүд - №1085.
[14] Сахих Бухари - Китабут тәһәжжүд - №1086.
[15] Сахих Муслим – Китабу саләтил мүсәфирин уә қасриһә - №755. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста