Швеция парламенті ғимараты жанында Ирактың қос мигранты Құран кітапты өртеп жіберді

Швеция парламенті ғимараты жанында Ирактың қос мигранты Құран кітапты өртеп жіберді

Ирактық мигранттар Стокгольмдегі парламент ғимаратының жанында Құран кітапты өртеп жіберді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Aftonbladet газетінің мәліметінше, дүйсенбіде 2 адам швед Риксдагы жанында Құран кітапты өртеп жіберген.

 

Басылымның хабарлауынша, акцияны ұйымдастырушы - Салван Момика мен Салван Наджем қасиетті кітапты алдымен доп құсатып тепкен, содан кейін оны өртеп жіберген. Стокгольм полициясы демонстрацияны өткізуге рұқсат берген.

 

11 шілдеде Швеция полициясы  Стокгольмдегі Ирак елшілігі жанында демонстранция өткізуге, Құран кітапты өртеуге рұқсат берді. Осыдан кейін жүздеген демонстрант бейсенбі күні таңертең Швецияның Бағдадтағы елшілігіне басып кіріп, оны өртеп жіберді. Елшілік қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

 

Сол күні БҰҰ Құран мен басқа да қасиетті кітаптарды өртеуді айыптайтын қаулы қабылдағаны белгілі болды.

 

20 шілдеде Бағдадта Швеция елшілігі ғимаратының жанында жаппай наразылық акциясы басталды. Бұған 19 шілдеде Құран кітапты өртеуді қамтитын наразылық акциясын өткізуге полицияның кезекті рет берген рұқсаты түрткі болды.

 

Осыдан кейін Бағдад Швеция елшісін Ирактан шығарып, Стокгольмдегі ел ісімен айналысатын сенімді өкілді қайтарып алу туралы шешім қабылдады.

 

23 шілдеде Құранды өртеу акциясы Даниядағы Ирак елшілігінде өтті.

 

25 шілдеде "Дания патриоттары" радикалды тобының белсенділері Копенгагендегі Мысыр мен Түркия елшіліктерінің алдында Құран кітапты өртеп жіберді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста