Сауд Арабиясының билігі әлемнің түкпір-түкпірінен қажылыққа келетін мұсылмандарға үндеу жасады

Сауд Арабиясының билігі әлемнің түкпір-түкпірінен қажылыққа келетін мұсылмандарға үндеу жасады

Сауд Арабиясының билігі ұмра қажылығын өтеуге келетін адамдарды көп мөлшерде қолма-қол ақша мен қымбат заттарды өзімен алып жүрмеуге шақырып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Россиская газета" басылымының сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі Twitter-дегі жазбасында қажылыққа келетін мұсылмандарға алтын құймаларын, асыл тастар мен асыл металдарды әкелмеуге және қолма-қол ақша 16 000 доллардан (60 000 риал) аспауы керек деп кеңес берген. Сондай-ақ билік өкілдері діндарларды банк қосымшаларын ресми сайттардан жүктеп алуға, банк шотының реквизиттерін бөліспеуге, белгісіз тұлғаларға ақша аудармауға және белгісіз дереккөздерден келген мәтіндік хабарламаларға мән бермеуге шақырып отыр. Сонымен қатар Al-Arabiya телеарнасының билік өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, қажылар біреулер алаяқтық жасады деп күдіктенсе немесе құрбан болған жағдайда министрлікке немесе тиісті органдарға хабарлау қажет. Айта кетейік, наурыз айының басында Сауд Арабиясының билігі қажылардың оңай әрі жеңіл жүріп-тұруына мүмкіндік беру үшін мұсылмандарды қасиетті Рамазан айында ұмра қажылығын бір рет ғана орындауға шақырған еді. Басылымның жазуынша, Рамазан айында ұмра қажылығын өтегісі келетіндер саны өте көп. 

KAZ.NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста