САУАБЫ ҚАЖЫЛЫҚПЕН ТЕҢ 5 ІС

САУАБЫ ҚАЖЫЛЫҚПЕН ТЕҢ 5 ІС

Қажылық – әрбір мұсылман өмірінде бір рет атқаруы тиіс бес парыздың бірі. Келесі аталған 5 амалға қажылыққа барғандай сауап жазылады:

1.     Адал ниет. Риуаят бойынша, Қиямет күні әркім өзінің амал дәптерін алады. Cонда дәптердегі қажылық, зекет пен садақа үшін өзіне жазылған сауапты көреді де:
- Бұл менің дәптерім емес, мен бұларды істеген емеспін, - дейді
- Бұл сенің амал дәптерің!
- О, Раббым! Бірақ мен бұл істерді жасамадым ғой.
- Ей, құлым! Бәрін де білемін. Бірақ сен ниеттеніп: «Егер менің қаражатым болса, мешіт салдырар едім, кедей-кепшіктерге көмектесіп, қажылыққа барар едім» - дедің. Сенің ниетің адал әрі дұрыс жолда болды. Сондықтан саған сол ниетің үшін сауап жазылды.

2. Үйде дәрет алып, жамағатпен намаз оқу. Алла елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кімде-кім дәретін алып, парыз намазын мешітке барып оқыса, оған қажылықтағы ихрамдағыдай сый беріледі. Егер ол дұха намазын оқыса, оған умрадай сауап жазылады» - деген (Әбу Дәут).

3. Нәпіл намазы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім таң намазын жамағатпен мешітте оқып, сосын күн шыққанға дейін зікір айтып, екі рәкат нәпіл намазын оқыса, бір қажылық пен бір умрадай сый беріледі» деген (Тирмизи).

4. Мешітте білім алу немесе білім беру. Тағы бір хадисте: «Егер біреу мешітке білім алуға немесе өзгелерді оқытуға барса, оған қабыл болған қажылықтай сый жазылады» - делінген (Тәбарани).

5. Ата-ананың разылығы.

Сахабалардың бірі Алла елшісіне (с.ғ.с.):
-         Мен Алла жолында қызмет атқарғым келеді. Бірақ ештеңе істей алар емеспін, - дейді.
Алла елшісі (с.ғ.с.) ол кісіден:
-         Әке-шешең бар ма? - деп сұрайды.
Ол:
-         Анам бар, - дейді.
Сонда Алла Расулы былай деп жауап береді:
-         Онда анаңа қызмет етуден танба. Оның разылығын алуға бар күшіңді сал. Осылайша сен қажылық немесе умрадай сыйға ие боласың». 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста