Расында да алғаш қарағанда мұсылмандық құқық пен шариғат құқығының айырмасы жоқ сияқты, яғни, адамда ислам құқығын мұсылмандық құқық деп айтуға болады деген пікір қалыптасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Себебі көп жағдайда біз исламды мұсылманшылық деп айтамыз, ал ислам дінін ұстанған азаматты мұсылман дейміз.
Негізінде исламдағы дін нормаларын мұсылмандық құқық деп емес, ислам құқығы деп айтқан дұрыс.
Мамандарының айтуынша ислам құқығы деген уақытта таза дін нормалары мен ережелері қамтылады.
Ал енді мұсылмандық құқық – ислам дінін қабылдаған көптеген ұлттар мен ұлыстар және олардың дінмен араласып кеткен салт-дәстүрлері қоса айтылады деген сөз. Сол үшін дінде ислам құқығы деп айтылады. Тіпті кейбір ұлттық дәстүр немесе әдет-ғұрыптың дінмен біте-қайнасып кеткені сонша оны тек ислам құқығы мамандары ғана ажырата алады.