Шайтанның арбауынан қалай құтылуға болады?

Шайтанның арбауынан қалай құтылуға болады?

Шайтанның азғырып, ортамызға іріткі салуына қарсы төтеп беретін бірден бір қару – намаз. Яғни, сәждеге бас қою арқылы менмендікті жер етіп, «пенденің Раббысына ең жақын кезі – сәжде еткен сәті» деген ақиқаттың негізінде маңдайымызды жерге тигізіп, «Аллаһым, қаһарыңнан шексіз рақымыңа сиынамын», – деп, Раббымыздың саясын паналауымыз қажет.

«Өзді-өзімізбен, әрекетсіз тұрып қалсақ шайтан азғыра бастайды» деген сөзде шындық бар. Расында да шайтан көбінесе, дін-иманы үшін бас қатырмай, қайғы-мұңсыз бос жүрген адамдарды сергелдеңге салады. Олай болса, біз алтын уақытымызды қор қылып, бос жүруден сақтанып, зеріктіретін жағдайлардан қашып, тынымсыз жұмыс үстінде жүргеніміз дұрыс.
Ақыры шайтан біздің бос кезімізді пайдаланып, әрекетсіз хәлімізді бағып, ішімізге түрлі жаман ой тастап, күнә жасауға итермелейді екен, олай болса, біз де белді бекем буып, білекті түрініп, кемшіліктерімізден арылып, оған қарсы белсенді күрес жүргізуіміз қажет. Яғни іс-әрекетімізбен болсын, ой-пікірімізбен болсын оның әбден күшейіп кетуіне жол бермеген жөн.
Ішкі жан дүниесіне терең бойлап, ғаламның тылсым сырлары жайлы ұдайы пікір өрбітіп, Алла тағаламен рухани байланысын күшейтіп отырған адамды шайтан азғыра алмайды. Өлім жайлы көп ойлайтын адамнан да шайтан аулақ жүреді. Ислам дінін жер-жаһанға жаю үшін күндіз-түні жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген жанды да шайтан үйіріп әкете алмайды. Сонымен қоса, шайтан кәміл иман мәртебесіне жетіп, рухани болмысы толысқан жанға да билігін жүргізе алмайды.
Әсілі, біз Жаратқаннан бір сәтке де қол үзбесек, Ол бізді әккі шайтанға ергізбейді. Иә, біз дінге қол ұшын беріп көмектессек, берген уәдесін орындап Ол бізге көмектеседі. Уәдесінде тұратындардың ең қайырлысы болғандықтан, пендесінің нәпсіге еріп, құрып кетуіне әсте жол бермейді. Алла тағала Құран Кәрімде: «Сендер сөздеріңде тұрып, Маған берген уәделеріңді орындаңдар, Мен де сендерге берген уәдемді орындайын»[1], – деген. Ендеше, біз хақ діннің өркен жаюына көмек берсек, Алла та бізді шайтанның азғыруынан сақтайды. Мұндай жағдайларда тым құрығанда Құранның бір аятын көкейімізге салып, есімізді жидырып, шайтанның тұзағынан құтқарады. Бұл Алла елшісінің кейбір ізгі сахабаларын күнәдан құтқарғанын еске түсіргендей... Иә, қатардағы пенде ретінде олардың да күнәмен бетпе-бет келгенде осалдығын сезінетін кездері болатын. Бірақ оларға сол мезет Алла тағала ес жиғызып, ақыретті естеріне салатын. Хақ дінге шынайы бет бұрып, ақиқатқа жанашыр қазіргі мұсылмандар өз өміріне көз салса, талай рет жар жағалап күнәға тайып кетер сәтінде ғайыптан келген бір күштің құзға құлатпай аман алып қалғанын сезінер еді. Иә, баршамыз да Алла тағалаға берген о бастағы сертімізге беріктік әрі адалдық танытқан сайын тылсым көмек келгенін байқап, «Егер Алла тағаланың дініне көмектессеңдер, Ол да сендерге көмектеседі» деген аяттың ақиқатына талай куә болдық. Біздің ерік-жігеріміздің мүмкіндік аясы шектеулі. Осыған қарамастан Ол біздің осы ерік-жігерімізді қаперге алып, шайтанның барлық айласын іске алғысыз етіп отырады.
Иә, шайтан мен нәпсінің жүрекке салған азғырынды ойларына әу бастан тосқауыл қойсақ, қарсы тойтарыс бере аламыз. Ойға жамандық оралып мазалаған кездері уақытша олардың ықпалында қалсаңыз да бірден сол ойлардың шырмауынан құтылып кетудің амалын іздеп, ақыл таразысына салыңыз. Өйткені кейбір қиын сәттерде жүректегі иманның қауқары жетпей әлсіреп, өз-өзімізге ие бола алмай қалуымыз әбден мүмкін. Осы өмірде жүрегінен ақиқаттың нұры төгілген, әрбір сөзі мен ісін Алланың қалауына дәлдеген небір тақуа жандар бар. Мұндай жандардың қасында өзімізді бейне бір пайғамбардың жанында отырғандай сезініп, ерекше қуат аламыз. Олардың сөзі мен сұқбаттары рухымызға нәр беріп, ой-санамызды жаулап алған түнек ойлар мен сезімдерді әп-сәтте жуып-шайып жібереді. Кейде өзіміздің де дәл осындай халге қол жеткізетін кездеріміз болады. Мұндай сәтте өзге жандар біздің рухани дүниеміздегі әлемнен нәр алып, рухани сергектігін сақтап қалады. Алла тағала адамды қоғам ішінде көпшілікпен тығыз өмір сүретін етіп жаратқан. Жаны мен тәні де өзгелердің қолдап демеуіне мұқтаж. Ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Осыған орай, біздің міндетіміз – әрдайым жақсылармен бірге болу. Өйткені, жақсы дос әрқашан да жақсы насихаттары арқылы ерік-жігерімізді қайрап, ынта-ықыласымызды арттыра түспек. Мұндай достықты әрдайым қастерлеу қажет. Алланың қалауымен мұндай достық шайтанның торуылдауынан сақтайды.
Мұнан басқа, жүрекке нәр беретін насихатқа әрдайым құлағыңыз түрік жүргенге не жетсін. Иә, тыңдаған кезде ақыретті еске салатын, руханиятқа деген құштарлығымызды арттыратын насихаттардың маңызы зор. Насихат діннің нақ өзі десе де болады. Ата-бабаларымыз уағыз насихат айтқан кезде мешіттегі адамдардың көңілі толқып, имандары күшейетін. Мәселен, Фахруддин Рази[2] философия кітаптарын көп оқыған адам болатын. Бірақ мінберге шыққан кезде оның көз жасын көл етіп жылайтыны соншалықты, не деп жатқанын халық жөнді түсіне алмайтын. Осылай насихат айтатын ізгі жандардан мақұрым болғанымыз біздің бақытсыздығымыз. Өйткені адам баласы бірде көңілденсе, шаттанса, енді бірде мұңайып, шерін тарқатуға мұқтаж. Ол – сәт сайын жан сарайы жаңғырып, серпіліп отыратын болмыс. Жылай білу де осындай қажеттіліктердің бірі. Құран Кәрімде: «Олар көз жасын төгіп, маңдайын сәждеге қояды», – деп, адамның ішкі жан тебіренісі, көз жасы, жүрек нәзіктігі туралы сөз қозғайды. Сондықтан да мүмкін болса хақ дінімізді өмірінің мәніне балаған сахабалар мен сахабадан кейінгі ұлы тұлғаларымыз туралы күн сайын ой өрбітіп, осыдан бойымызға қуат алып, сонан соң ғана ісімізді бастағанымыз жөн болар еді. Бұдан өзіміздің ішкі рухани дүниеміз кемелдене түспек. Руханияты кәміл сахабалар яки олардан кейінгі ғұламаларымыз туралы ой өрбіту өз өмірімізді олардың өмірлерімен салыстыруға, үлгі алуға талпынтады. «Біз де олар секілді мұсылманбыз. Осыншалықты асуларды олар қалайша бағындырды, бұл біздің қолымыздан неге келмейді?», – деп өз-өзімізге сын көзбен қарап, мінімізді түзеуге талпыну арқылы өз-өзімізді өзгерте алатындығымызға сенімдімін. Тым болмаса аптасына бірнеше рет осылайша жан-жүрегімізбен тебіреніп, жүріс тұрысымызды ой елегінен өткізу арқылы Алланың қалауымен жан дүниеміз түрленеді деген ойдамын. Осылайша шабыт сыйлайтын илаһи нұрларды жан-жүрегімізбен сезініп, шайтанның түрлі тұзақтарынан бойымызды аулақ саламыз. Бұл кейде уағыз-насихат тыңдау, кейде Құран оқу, кейде тәпсірлерді оқу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Іштей рухани жаңарудың шегі жоқ, біз ауа мен суға қаншалықты мұқтаж болсақ, мұндай өрелі жаңаруды соншалықты қажетсінеміз. Иә, жүрекке нәр беретін уағыз насихат тыңдау, мұндай насихат айтатын жанмен бірге болып, «бізге насихат айт» деп қиыла өтіну, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) бен сахабаларды жақыннан сезіну, міне бұлардың баршасы біздің рухани болмысымызға күш беретін маңызды жайттар болып саналады. Алайда: «мен мұның бәрін білемін, қайталап оқудың қажеті қанша?», – деген секілді үстірт ойдан аулақ болған жөн. «Мұны оқысам яки тыңдасам не бола қояр дейсің?», – деп немқұрайлылыққа да салынбау керек. Бұл – сені құйындай көтеріп, қаңбақша домалататын алдамшы ой. Дүниеге қатысты мәселелердің өзін пысықтап отыруға тура келеді, бір күнде бірнеше рет тамақтану арқылы тәнімізді қоректендіреміз, ендеше ар-ождан, жүрек секілді рухани дүниеміздің де ұдайы нәр алуы қажет. Міне, осылардың бәрін есепке ала отырып, қашан да бір жол көрсетушіге құлақ түріп, жаман ой ниеттен арылып, жүрек кірін кетіретін оның қасиетті әлемінде саялап, өзімізді қайта жаңартудың жолдарын іздеуіміз қажет. Бұны кейде оқу, кейде жаратылысқа қарап, Хақ тағаланың құдіретін ойлау, кейде өлім туралы ой өрбіту арқылы да жүзеге асыруға болады. Осылай еткенде ғана шайтанның айла-шарғысынан сақтана аламыз. Бізді нәпсі мен шайтанның жамандығынан сақтауы үшін Алла тағалаға әрдайым дұға етіп, тілек тілейік.

kz.fgulen.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста