Қызымның намаз оқымайтын жігітке тұрмысқа шығуына бола ма?

Менің қызым қазір бой жетіп келеді. Өзі намазын үзбей оқиды. Араласатын достарының бәрі намаз оқымайды. Қазір қызымызға бір отбасы құда түсіп жатыр. Алайда балалары намаз оқымайды. Біз қызымызды ондай жігітке бергіміз келмейді. Қызымның намаз оқымайтын жігітке тұрмысқа шығуына бола ма?
Үйлену – Хақ Елшісінің (с.а.у.) сүннеті. Тіпті, үйлену кейде қажетті жағдайда уәжіп һәм парыз болуы да мүмкін. Ал, «намаз оқымайтын жігітке тұрмысқа шығуына бола ма?» деген мәселенің жауабы күрделі. Намаз оқу – ақылы толысқан һәм балиғат жасына жеткен әрбір мұсылманға парыз. Намаздың парыз екендігі аят, хадис және ижмамен дәлелденгендіктен, оны жоққа шығару діннен шыққанмен тең саналады. Ал намазды жоққа шығармағанмен, оны көпе-көрінеу қаза қылу пасықтық болып есептеледі. Бұл туралы Құранда: «Олар жәннатта тұрып күнәһарлардан: «Сақар жаһаннамға түсулеріңе нендей себеп болды?» деп сұрайды. Сонда олар: «Біз намаз оқымайтын едік» деп жауап қатады» («Мүддәссир» сүресі, 40-43-аяттар) деп, намаз оқымаудың ақыретте жазасының ауыр болатындығы қатаң ескертілген. Ал сүннеттен дәлел келтіретін болсақ, Хақ Елшісі (с.а.у): «Әдейі намазды тастаған адамға Алла мен Пайғамбардың көмегі болмайды», (Бухари, «Мауақит», 15, 34; Насаи, «Салат», 15) деп бұйырады.
Демек, мұсылман кісіге бес уақыт намаз оқу талассыз парыз ғибадаты саналады. Бірақ, ханафи мазхабында иман мен амал бөлек қарастырылатындықтан, намазсыз мұсылманды кәпірге шығаруға болмайды. Сондықтан, құда түсіп келіп отырған бейнамаз жігіт кәлима шаһадат еткен жан болса, онда ол жігітті мұсылман емес деп айтуға болмайды. Дегенмен ислам патриархалды отбасы түрін жақтағандықтан, отағасы жарынан рухани жағынан биік тұрса, құба-құп. Осы себептен де, «бейнамаз жанға намазханды қосуға болмайды» деп кесіп тастағаннан көрі, күйеу болуға талаптанған азамат алдағы уақытта өзінің рухани кем-кетігінің орнын толтырып жатса, лайықты жар болуына мүмкіндік беру керек.
М.Исахан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста