Құрсақтағы баланың жынысын анықтау арқылы түсік жасатуға тыйым салуды ұсынды

Үндістанның ана мен бала ісі жөніндегі министрліктің басшысы Манека Ганди аяғы ауыр әйелдерді құрсағындағы шарананың жынысын анықтау процедурасынан өтуге міндеттеу турасында ұсыныс тастады.
Оның ойынша мұндай шара заңсыз түсік жасатудың алдын алуға көмегін тигізеді. Бұл жайында "The Tribune Express» ақпарат көзі хабар таратты. Министр неге мұндай ұсыныс білдірді? Үндістанда гендерлік, яғни, жыныстық теңсіздік орын алған: мың ұл балаға 940 қыз баладан келеді екен. Бұл теңсіздік заңсыз түсік жасатудан туындап отыр: құрсағындағы шарана қыз болғаны белгілі болғаннан кейін аналары оларды алдырып тастайды. Өйткені, ұл бала шаңыраққа ие болып, отбасын асырайды, ал қыз бала масыл болады деген таяз түсінік белең алған. Бұл мәселені шешу үшін осыдан жиырма жыл бұрын іштегі баланың жынысын анықтауға тыйым салынған еді. Алайда, ел тұрғындарының дені заңнан айналып өтетін жол тауып, жасырын УЗИ-ге түскен еді. Бұл тыйымнан нәтиже шықпаған соң, құрсақтағы шарананың жынысын алдын ала білу арқылы заңсыз түсік жасатудың алдын алмақ. Министрдің айтуынша, ел билігі өзінің ұсынысына құлақ асып, осыдан жиырма жыл бұрынғы тыйымның күшін жойып, жүкті әйелдерді баланың жынысын анықтауға қатысты арнайы процедурадан өткізуге келісімін берсе, бұл шара өз кезегінде есепке алынып, арнайы процедурадан өткен әйелдердің заңсыз әрекетке бармауына тосқауыл қояр еді.  

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста