Құранның құдси хадистерден қандай ерекшеліктері бар?
Ислам догмасына сәйкес Құранның ең басты ерекшеліктерінің бірі – ол дара, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Әрине, оның көптеген ерекшеліктері бар, алайда солардың бірқатарын атап кетер болсақ, онда:
Құран – құлшылық жасау үшін оқылады, ал қудси хадистер бұл мақсатта оқылмайды;
Құран Кәрімнің сөзі де, мағынасы да Алла Тағаладан. Құдси хадистің мағынасы Алланікі, ал сөзі пайғамбардікі.
Құранды жүректе сақтау және дәретсіз ұстамау парыз, ал қудси хадистер дәл бұлай қасиет тұтылмайды;
Құранның мағынасы да, мәтіні де Алланың тарапынан келгендіктен адам оның мағынасына сәйкес амал етеді, дұрыс оқып, құлшылық жасайды және т.б. міндеттер жүктеледі;
Құран күллі тіршілік иесіне олардың шарасыздығын дәлелдеу үшін Алла тарапынан келген айғақ;
Қудси хадис Құран сияқты Алланың жер бетіне жіберген кітабы болып саналмайды;
Құран аятын келтірген уақытта «Алла Тағала былай деді», «Алла Тағала айтты» және сол сияқты т.б. деп айтылады.
Ал қудси хадисте «Алла Тағала бүйдейді екен», «Алла Тағала сүйдепті» немесе «Пайғамбардың (с.ғ.с.) Алладан риуаят етуінше» және т.б. деп баяндалады.