ҚҰРАН САУАБЫ ҚАЙТҚАНДАРҒА ЖЕТЕ МЕ?

Ислам шариғатында марқұмдарға арнап Құран оқудың үкімі қандай? Қайтыс болған адамдардың рухына Құран оқып, бағыштау міндеттелген парыз амал ма әлде тыйым салынған харам ба?

Шындығында, ғалымдар бұл мәселені жақсы амал ретінде дұрыс (мұстаһаб) немесе дұрыс емес (мәкрүһ) деген пікір аясында ғана қарастырған.

Бұл дүниеден қайтқан адамдарға Құран бағыштауға болмайды деген пікірді ұстанатындардың бірі – Шейх Ибн Таймия және соңынан ерушілері. Ибн Таймия бір сөзінде «Марқұмдарға арнап Құран оқу – жаңалық (бидғат)», – деген (Ибн Таймия, аль-Ихтиярат, 53-бет).

Әрине, көп бауырларымыз осы сөзді өздеріне ұран қылып алды. Десек те асықпағанымыз жөн. Байыбына бармай, байбалам салмайық. Жұлмалап өз пікіріңе керегін алып, керек емесін тастау – Исламға тән емес екенін естен шығармайық.

Ендеше, әрі қарай тыңдасақ, Ибн Таймия тағы да былай деген: «Жаңалықтың (бидғат) барлығы жаман және тыйым салынғандардың қатарынан емес», оған қоса: «Садақа мен дұғаның сауабы өлгендерге жететіні сияқты, марқұм болғандарға кез келген ғибадат үшін сауап жетеді. Оған сауапты арнаған туысы ма әлде басқа ма, айырмашылық жоқ. Марқұм осы сауапты пайдалана алады» (Ибн Таймия, Маджмуа аль-Фатава-24/367).

Сол сияқты оның марқұмның отбасының тарапынан оқылған салауат (тахлил), тәспі (тасбих), тахмид және такбир үшін сауабы бола ма деген мәселедегі пәтуасы да белгілі. Бұған ибн Таймия былай деп жауап берген: «Марқұмға оның жақындарының оқыған қираатының, тасбихының, такбирінің және басқа да Алланы зікір еткендерінің сауабын арнаса, онда олар жетеді. Негізі Алла біледі!». (Ибн Таймиййа, Маджмуа аль-Фатава)

Ибн Таймия өлгендерге Құран оқу мәселесінде бұлжымайтын өзгеріссіз бір көзқарасты ұстанған болса, өзі қайтыс болғаннан кейін адамдар оған арнап көптеген хатым Құрандар оқымаған болар еді.

Ибн Таймия жайлы «…аль-Барзали айтты: «Зуль-кағда айының жиырма екінші күні біздің шейхымыз, көрнекті ғалым Имам Абу аль-аббас Ахмад Дамаск мұнарасындағы өзі тұтқындалған бөлмеде қайтыс болды. Оның қасына көптеген адамдар отырып Құран оқыды… Оның жаназа намазына адамдар көп жиналып, көп жылады, Аллаға жалбарынды, ол үшін ас-Салихийеде және басқа жерлерде де көптеген хатым Құрандар оқылды…», – деп жазған (Ибн Таймия, Маджмуа аль-Фатава).

Әрине, бір кісінің дәлелімен тоқталу жеткіліксіз, сондықтан осы мәселе төңірегінде пікірталасқа түскендерді одан әрі тартыстыру үшін емес, жарастыру ниетінде тағы да дәлелдер келтірейік. Әр нәрсенің қадірін білген бабаларымыз Алладан саналы, салиқалы ұрпақ сұрағаны белгілі. Пенде Жаратқаннан шын жүрегімен жәрдем тілер болса, Алла тағала оның қалауын береді. Ал кейінгі ұрпақтың, балаларының ата-анасы, ата-бабасы үшін тілеген тілегінің ерекше пайдасы бар екендігі белгілі.

Мысалы, Әбу Хүрайра жеткізген хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Шындығында, егер мұсылманның пейіште дәрежесін көтеріп, ол: «Маған бұл не үшін?» – деп сұрап жатса: «Сенің балаң сен үшін кешірім сұрады», – деп жауап береді». (Хадисті Ахмад риуаят етті-2/509, Ибн Маджа- 3660, ад-Дыйя- 1/55 т.б.)

Ат-Тахауи «Ақида» кітабында: «Тірілердің жалбарынуы мен олардың берген садақаларынан марқұмдар үшін пайда бар», – деп айтқан (ат-Тахави, Матн аль-Акида-8-бет).

Бір адам пайғамбарға (с.ғ.с.) келіп былай деп сұрайды: «Уа, Алланың елшісі! Менің анам қайтыс болды, егер мен ол үшін садақа тарататын болсам, оған көмектесе ме?». Пайғамбар (с.ғ.с.) «Иә», – деп жауап береді». (аль-Бухари- 2760, Муслим- 2323, Абу Давуд-2881, ан-Насаи- 3651, Ибн Маджа-2717, Ахмад-6/51, Малик-2/760 т.б.)

Амрдың әкесі тірі кезінде жүз түйені құрбандық етуге уәде беріп, бірақ, сол уәдесін орындамай қайтыс болғаны туралы айтылатын хадисті де мысалға келтіруге болады. Оның ұлы Амр Алла елшісінен (с.ғ.с.) әкесі үшін өзі құрбандық жасайтын болса, әкесіне пайдасы тиеді ме деп сұрайды, сонда пайғамбар (с.ғ.с.): «Егер сенің әкең мұсылман болған болса, онда сенің жасаған құрбандығың мен қажылығың оған пайда әкеледі», – дейді (Абу Дауд 2883, аль-Байхаки 6/279 т.б.).

Сол сияқты, Са’д ибн Убадтың анасы қайтыс болған кезде ол пайғамбарға (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Алланың елшісі! Менің анам қайтыс болды. Мен оның атынан құрбандық шала аламын ба?» – деп сұрайды. Ол: «Иә!» – деп жауап береді. Содан кейін Са`д: «Садақаның ең жақсысы қайсысы?» – дейді. Мұхаммед: (с.ғ.с.): «Су!» – деп жауап береді. Осыдан кейін Са’д құдық қазады да: «Бұл Са’дтың анасы үшін», – дейді (Абу Дауд – 1681, Ахмад, ан-Насаи т.б.).

Жоғарыда айтылып кеткен қайырымды істер, садақалар, оқылған Құран жайында ахли-сунна ғалымдары арасында қарама-қайшылық жоқ. Марқұм болған адамның атынан арналған мұндай қайырымды істердің барлығы Алланың қалауымен оларға сауабы жетеді.

Құрметті бауырлар, «Мұсылман бір-біріне бауыр», «…өзара жанжалдаспаңдар, онда сәтсіздікке жолығасыңдар да берекелерің кетеді…» («Әнфәл» сүресі, 46-аят) деген аяттарды үнемі қаперге алып жүргеніміз абзал. Ислам ғұламаларының барлығы бірауыздан құптаған үкімдерді дұрыс емес, харам деп, білімсіздікке салу да мұсылмандар арасында жанжал тудырады. Қазіргі таңда біз таласып-тартысуға емес, дініміздің дамып өркендеуіне, үмбеттің бірлігіне мұқтажбыз.

 mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста