Құран адам миының құпияларын ашты

Құран адам миының құпияларын ашты

Біз соңғы төрт жылда Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін зерделеу нәтижесінде жетінші ғасырда Құранда айтылған ана құрсағындағы ұрықтың даму кезеңдерінің жаңа жүйесін тауып, таң қалдық. VII ғасыр ғылымның өркен жаймаған дәуірі еді, алайда Құран сол кездің өзінде-ақ күрделі мәселені ғылыми ақиқатқа негіздеп, шындықпен түсіндірді. Сондықтан мұны Құранның ғажайыптығы деуге толыққанды негіз бар.
Неге Құранда адам басының алдыңғы бөлігі жалған және күнәлі ретінде сипатталады? Неге Құран адам жалғаншы әрі күнәһар деп атамаған? Адам басының алдыңғы бөлігінің өтірікшілік және күнәмен қандай байланысы бар? Біз адам бас сүйегіне қарасақ, мидың алдыңғы бөлігін көреміз. Физиология мидың осы бөлігінің қызметі туралы не дейді? «Анатомия және физиологияның негізгі элементтері» атты кітапта осы жайында былайша баяндалады: "Мотивация мен жоспарлау әрі барлық қозғалыстардың бастамасы алдыңғы мида жүзеге асады. Алдыңғы ми бұл – агрессияның функционалдық орталығы".
Алла Тағала пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у) Қағбаға құлшылық жасауға тыйым салған дінсіздер жөнінде Құранда былай дейді: "Жоқ! Егер де ол (Әбу Жәһл) (Пайғамбарды жәбірленуін) доғармаса, сөзсіз, Біз оның кекілінен шап береміз, өтірікші әрі күнәһар кекілден"-деген (Алақ,15-16). Сонымен мидың бұл бөлігі жоспарлауға, жақсы әрі күнәлі мінез-құлықтың мотивациясына және жалғандық пен шындықты айтуға жауапты болып табылады. Сол үшін кімде-кім өтірік айтып, күнәлі іс жасаған кезде алдыңғы ми бөлігін Құранда: "Өтірікші, күнәһар кекіл", - деп жалғаншы мен күнәһарлығы үшін әділетті айыптайды.
Бүкіл әлемге танымал эмбриолог, Канаданың Торонто университетінің жасуша биологиясы мен анатомиясының профессоры, көптеген медицина саласындағы оқулықтардың авторы Кейт Л. Мур жазғандай, ғалымдар соңғы 60 жылдың ішінде мидың маңдай алды бөлігінің қызметтерін таяуда ғана ашқан. Кейт Мур көптеген халықаралық ұйымдарды, олардың арасында канадалық және америкалық анатомдардың ассоциациясын және биология ғылымдары одағының жанындағы Кеңесті басқарған. 1981 жылы Даммамда (Сауд Арабиясы) өткен Жетінші халықаралық медициналық конференцияда профессор Мур былай деп мәлімдеме жасайды: "Адамның дамуы туралы Құранда айтылған шындықты түсіндіруге көмектесу маған үлкен қуаныш пен рақат сезімін сыйлады. Бұл сөздердің барлығы Мұхаммедке Құдайдың тарапынан келгені мен үшін ақиқат дүние. Өйткені, осы фактілердің барлығы одан бірнеше жүз жылдардан кейін ғана ашылды. Айтылған жағдайлардың баршасы маған Мұхаммедтің Алланың Елшісі екендігіне айқын дәлел болды".
Сол сәтте профессор Мурға: "Бұл сіздің Құран Алланың сөзі екендігіне сенгеніңізді білдіре ме?" - деген сауал қойылды. Ол: "Мен осы шындықты қабылдауға кедергі келтіретін ешбір себепті көрмедім", - деп ағынан жарылды. Келесі бір конференцияда ғалым Мур: "... Адам ұрығының даму кезеңдері үнемі өзгерістерде болғандықтан, сатыларға бөлу өте қиын, сондықтан Құран мен сүннетте айтылған терминдерді пайдалана отырып, (сөздер, істері немесе Мұхаммедтің (с.а.у.) мақұлдауы) жаңа классификацияны әзірлеуді ұсынды. Ұсынылып отырған жүйесі, жан-жақты қарапайым және қазіргі заманғы эмбриология тұжырымдарымен сәйкес келеді. Соңғы төрт жылда Құран мен хадистерді жүйелі зерттеу барысында жетінші ғасырда бізге бірінші рет айтылған шындық, адам ұрығының даму кезеңдерін жіктеуге мүмкіндік берді. Тіпті Аристотель эмбриология негізін қалаушы болса да, тек б.э.д. төртінші ғасырда ғана тауық жұмыртқасының құрылымын зерттеу арқылы тауық ұрығының кезең-кезеңдермен дамитынын анықтады, алайда Аристотель осы кезеңнің егжей-тегжейлі сипаттамасын толыққанды бере алмады.
Біз ХХ ғасырға дейін эмбриология тарихында адам ұрығының дамуы мен жіктелу кезеңдері туралы іс жүзінде ештеңе білмедік. Сол себепті Құрандағы адам ұрығының сипаттамалары ғылыми негізі болмаған жетінші ғасырдағы ешбір адамның ойдан шығарғаны емес.
Осы дәлелдердің негізгі тұжырымы: "Бұл деректер- Алла Елшісі Мұхаммедке (с.а.у.) Алла Тағала тарапынан келген ғажайып ақиқат болатын. Өйткені, ешқандай ғылыми тәжірибесі болмаған Пайғамбарымыз (с.а.у.) осындай егжей-тегжейлі күрделі мәселені өзі білуі мүмкін емес еді".

Аударған Меруерт Бақдәулетқызы
islam.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста