ҚИЯМЕТ БҮКІЛ ҒАЛАМДА БОЛА МА?

ҚИЯМЕТ БҮКІЛ ҒАЛАМДА БОЛА МА?

Алла Тағала Құранда:  «Түн мен күндізді, күн мен айды жаратқан бір Өзі. (Күн мен ай секілді аспан денелерінің) әрқайсысы өз бағытымен жүзіп жүр», – деп хабар береді (Әнбия» сүресі, 88-аят).

 

Күн жүйесінде Күн және оны айнала қозғалатын 9 үлкен планета (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон) бар. Оған қоса, планета серіктері, астероид, комета және толып жатқан метеорлық денелер бар. Біздің галактикадан бөлек, басқа жұлдыз шоғырлары да сансыз көп.

 

Планеталар массасына, химиялық құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі топқа бөлінеді. Күнге жақын орналасқан төрт ғаламшар (Меркурий, Шолпан, Жер және Марс) аса үлкен емес, негізінен металл мен тастан тұрады. Оларды ғылымда «жерлік ғаламшарлар» деп те атайды. Алып планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон әлдеқайда көлемдірек, олар негізінен жеңіл заттардан (сутек, гелий, метан, т.б.) құралған.

 

Соңғы кезде әлімнің ең бай адамы Илон Маск «планеталардың ішінде жерден басқа Марс планетасы адам баласы өмір сүруге қолайлы, тіпті сол жаққа көшіп барса, адамзат ақырзаманнан құтылады» деген идеяны алға тартуда. Бірақ Құран Кәрім аяттары, исламдық діни сенім оның құр қиял екенін көрсетеді.

 

Біріншіден, осы тоғыз планета ішінде жер шары – біздің құтты үйіміз, ыстық отанымыз. Себебі Алла Тағала адамзатқа: «Жерде сендер үшін біршама уақытқа дейін тұрақтайтын мекен әрі игіліктер бар. Бұдан былай жер бетінде тіршілік етіп, сол жерде көз жұмасыңдар және (өлгеннен кейін қайта тіріліп) жерден шығарыласыңдар», – деді («Ағраф» сүресі, 24-25 аяттар). Бұл аятта адам баласының осы топырақта дүниеге келетіні, осында қайтыс болып, жерленетіні және осы жерде қайта тіріліп, жиналатыны айтылуда. Демек адам баласының барлық тағдыры осында өтпек. Басқа жақта оған өмір, тіршілік жоқ. Сондықтан оның жерден басқа планеталардан тұрақты орын іздеуі бос әурешілік. Дегенмен біреулер болашақта жерден басқа мекен етіп тұратын бір планета тапса да, бұл Алла Тағаланың үкімін өзгерте алмайды.

 

Екіншіден, Жаратушы Иеміз адам баласын жаратып, оған жерді мұра етіп берді. Бұл туралы Құранда: «Ол сендерді жер бетінде халифалар қылды (яғни, Алла сендерді жер бетін көркейтетін, Өзінің үкімі, орнатқан заңы бойынша өмір сүріп, өзге жаратылыстарды меңгеретін өкілі етіп қойды)», – делінген («Фатыр» сүресі, 39-аят). «Жердің халифасы» сөзінен бірінің артынан бірі келетін, сонда өмір сүретін, жердегі бар нәрсені толық пайдаланатын, ондағы барлық жаратылыс оған қызмет ететін, үкімін жүргізетін, қожайын деген мағына түсініледі.

 

Үшіншіден, «басқа планеталар адам баласы үшін өмір сүруге қолайлы мекен» деген ой дұрыс делік. Бірақ қиямет болғанда жер шарымен қоса Күн жүйесіндегі барлық планеталардың қирайтыны туралы Алла Тағала Құранда былай баяндайды: «Күн оралып, сәулесі сөнген кезде, жұлдыздар бытырай төгіліп, жарығы өшкен кезде» («Тәкуир» сүресі, 1-2 аяттар), «Қатты үрейден көздер қарығып, қарауытқан, ай тұтылған және күн мен ай бір-бірімен тоғыстырылған кезде, міне сол күні адам баласы: «Қашатын жер бар ма?!» – дейді. Жо-жоқ, (ол күні) бас сауғалап, паналайтын жер жоқ! Ол күні бәрінің барар жері Раббыңның құзыры болмақ» («Қиямет» сүресі, 7-12 аяттар).

 

 

Хасан АМАНҚҰЛ

«Мұнара» газеті, №4, 2021 жыл

 

muftyat.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста