Сұрақ: Өмірде қанша рет қажылыққа баруға болады? Алланың рақымымен біз бір рет қажылыққа бардық. Бірақ, тағы да барғымыз келеді. Сонда бұл нәпіл қажылық бола ма? Екеуінің арасында айырмашылық бар ма? Сосын Рамазан айындағы умраның үкімі қандай? Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай, ондай умра қажылықпен парапар бола ма?
Жауабы:
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен.
Әссәләмуғалейкум уа рахматуллахи уа баракятуһ.
Парыз етілген қажылық өмірде бір рет жасалады. Егер парыз етілген қажылыққа барған болсаңыз, нәпіл қажылыққа қанша рет барсаңыз да рұқсат етіледі. Парыз етілген қажылықтан кейін жасалған қажылықтың бәрі нәпіл қажылық болып саналады. Нәпіл қажылық пен парыз етілген қажылықтың арасындағы айырмашылық – ихрамды киген кезде қандай ниет ететініңде.
Қажылыққа қанша рет баруға болады?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора