Қазақстанда Халал өнімді растайтын ұлттық жүйе әзірленіп жатыр

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі метрология мен техникалық реттеу комитетінің төрағасы Біржан Канешовтің айтуынша, аталған жүйені әзірлеуге малайзиялық сарапшылар көмектеседі.

«Бүгінде елімізде «халал» маркасымен шығарылатын өнімдер көп. Алайда, соның барлығын бір-екі стандартпен реттеп отыру қиын. Жалпы, өнім сапасының бұл бағыты заңмен толығымен реттелмей келеді. Соның нәтижесінде «халал» брендіне мүлдем сәйкес келмейтін өнімдер шығарылады», - дейді Канешов.

Оның айтуынша, осы саладағы жұмысты ретке келтіру үшін бір-ақ шаруаның басын қайыру қажет. Атап айтқанда, IFOM (Органикалық ауыл шаруашылығы үшін қозғалыстың Халықаралық федерациясы) стандарттарын қабылдап, басымды бағыттар бойынша техникалық комитеттерді құру қажет.

Бұдан бөлек, халықаралық және аймақтық стандарттарды теңестірген жөн. Сондай-ақ, «халал» брендімен шығарылған тауарларды бақылайтын кәсіби мамандарды даярлау - аса маңызды іс. Дегенмен, осы уақытқа дейін комитет мамандары бірқатар шараларды атқарып үлгерді.

«Біз арнайы келісімшартқа қол қойдық. Оның негізгі мақсаты - халықаралық тәжірибенің негізінде Қазақстанда халал-индустриясын құру. Осылайша, ағымдағы жылы қаңтардың соңында елімізге малайзиялық сарапшылар келеді. Олардың қатысуымен Қазақстандағы «халал» ұлттық жүйесінің негізгі тетіктерін әзірлеу көзделіп отыр. Осы жұмысқа құзіретті мемлекеттік органдар да атсалысады», - деп атап көрсетті комитет басшысы.

islam.kz  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста