Қазақстанда алғаш рет имамдардың этикалық Кодексі қабылданды

Қазақстанда алғаш рет имамдардың этикалық Кодексі қабылданды

Кодексте көрсетілген басты талаптарына сәйкес, имамдар заманауи ақпарат құралдары мен шешендік өнерді жетік меңгерулері тиіс, деп хабарлайды «Алаш айнасы»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты - muftyat.kz порталының хабарлауынша, Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде дін қызметкерлерінің этикасы қабылданды. Діни басқарма тарихында тұңғыш рет қабылданған құжатта мынадай мәселелер қамтылған:
- имамдардың заманауи ақпарат құралдарын, ғаламтор, байланыс құралдарын жете меңгеруі, шешендік өнер, сөйлеу әдебін игеруі;
- мешітке келушілерге көркем мінез көрсетуі, олардың өтініштері бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруы;
- жұмыс уақытын тиімді пайдалануы, жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсап, белсенді болуы, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да тиімді әдістерін қолдануы;
- өзін жан-жақты дамытуы, қосымша ілім алуы, дүниелік ілімдерді меңгеруі, үгіт-насихат жұмыстарында уағызды Қазақстан тарихымен, салт-дәстүрмен, әдеп-ғұрыппен, би-шешендердің қанатты сөздерімен, мақал-мәтелдермен ұштастырып, қазақ халқының ұлы тұлғаларының (әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұни, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, т.б.) өсиетті өлеңдері мен ғибратты әңгімелерімен көркемдеп айтуы;
- ұжымда іскерлік танытып, қызметкерлер арасындағы ынтымақ, бауырмалдық құндылықтарды арттыруға ықпал етуі, олардың отбасы, әлеуметтік жағдайына мән беруі, ұжымда кез-келген мәселе көрініс берген жағдайда дер кезінде орынды, оңтайлы шешім қабылдауы;
- отбасына мұсылмандық тәрбие беруі, олардың киім кию әдебіне, зайырлы білім алуына көңіл бөлуі;
- көршілермен, туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болуы, оларға әрдайым құрмет көрсетуі, қайғысы мен қуанышына үнемі ортақтасып отыруы;
- қоғамға отбасымен үлгі бола білуі;
- жақсы істерге, қайырымдылық шараларға әрдайым өзі бастамашыл болуы, қоғамды ізгілікке бастауы;
- қоғамдық іс-шараларға қатысып, белсенділік танытуы керек

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста