Қазақ қызына оғаш қылық қайдан келді?

Соңғы кезде аядай ғана ауданымыздың қуыттай ғана қаласында төбе шашыңды тік тұрғызар түрлі тосын жайттар жиілеп кетті. Ұзынқұлақтан жеткен хабарға сенсек, жуырда ғана қаламыздағы көпқабатты үйлердің біріндегі азық-түлік дүкенінде естіген жанға еріксіз таңдай қақтырар жағдай орын алды. Ымырт үйіріліп үлгерген кешқұрым шақта дүкенге беттерін бүркемелеп кірген қос бойжеткен орта жастағы әйелдің сол күнгі саудадан түскен бар табысын қолды қылған. Жұбайының тысқа шығып кеткен сәтін оңтайлы пайдаланған олар газды баллонды құрбандарына қарсы қарулары етіп, оқыстан тап келгендерге көз ашып, қарсылық көрсете алмаған сатушыға ес жиюға еш мұрша бермеген. Суық ойларын санаулы минуттар ішінде жүзеге асырған сұғанақ қолды қыздардың қылығы қайран қалдырды. Әрекеттері әшкереленген жағдайда шалыс кеткен бір шалалықтары үшін темір торды тұрақ еткен кәдуілгі қылмыскерлердің қатарына қосылып кетулері де кәдік еді ғой. Соны олар ойлады ма екен?! Арам жолмен тапқан бұл «табыстарын» қай кәделеріне жаратпақ болды, тосын қылыққа нендей жағдай түртпек етті екен? Оқиғаның белгісіздеу бұл тұсы бізге беймәлім күйде қалды, десек те, ымырт түссе болды, ұры-қараның бірі ме деп қауіптеніп, суық жүзді ер адамдардан сескенетін дүкеншілер мен өзге де қала тұрғындары үшін бұдан кейін нәзік жандылардың өзі күдік тудыратын болды.

Бойына жат қылықты жуытпай өскен қазақ қара көздерінің сәл нәрсеге шаш жұлыса кетіп, жағадан жармаса жұдырықтасуы күн өте көзге үйреншікті қарапайым көрініске айналып барады. Том-том кітапқа айналған кешегі тарих беттері куә еткендей, табиғаттың өзі тарту еткен талдырмаштығы, тазалығы, тектілігімен танылған, жөнсіз жекіп, етек көтеріп көрмеген қазақ аналарынан туылған қыздардың бүгінде бір-біріне қол көтеруі былай тұрсын, аяғын аспандата, «Абылайлап» шабуы әдепсіз әдет екені айтпаса да, түсінікті. Сөзімізді дәлелмен дәйекті етер болсақ, осы сарындас бейнежазбалар you.tube парақшасында шұбырып жүр. Соның бірі қала мектептерінің бірінің шарбағында түсірілген бейне сайт парақшасына осыдан екі жыл бұрын салыныпты. Шамасы төбелестің «төркіні» ертесімен-ақ басталған сыңайлы. Мектептегі оқушы қыздардың бірі өзгесімен өзара сөзге келіп қалғасын, сабақ соңында жағдайды жұдырықтың көмегімен шешпек болған. Құдды бір «Әзіл әлемінің» кезекті қойылымына әдейі жиналғандай қос қызды қоршап алған құрдастарының оларды ажыратуға әлдері жетпеген тәрізді немесе таң-тамаша болысып, таңырқай бақылап тұрған шоудың шырқын бұзуға беттемесе керек. Бір-бірін аяусыз соққы астына алған қазақ қыздарына бұндай жауыздық қайдан жолдас болды. Батыстық мәдениетті миларына сіңіріп өсіп келе жатқан қыздар мұндай қырын қылық танытса, «адам аласын ішіне сақтаған» осынау алмағайып заманда ертең ел басына күн туса, кешегі қырық бірдің құрбандары Әлия мен Мәншүктің, ұлтшылдықты ұран ете жүріп, қапияда көз жұмған Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова мен Кенжегүл Молданазаровалардың ерлігін кім қайталайды? Абзалы, ұрпақты кім тәрбиелейді, аузында анайылықтың айыбы, қолында жуан жұдырықтың ізі қалғандар ана болып ертең ұл-қызына не ақыл айтпақ?
Өзгені қара, өзімді ақ етіп көрсетуге құлықты емеспін. Сенсеңіздер, жоғарыда өзім айтқан бейнені жиіркене отырып, зорға қарадым. Себебі жастарға күйе жағылса, таяқтың бір ұшы өзіме кеп тиеді, жаным ашиды, жүрегім ауырады. Жастарға ақыл - аздық, амбиция – көптік ететін шығар. Десек те, мұндай теріс қылықтардың тізгінін тартыңқырап отыратын бір шыбық бар болса, соның өзі – отбасындағы нақ тәрбие емес пе.
Шұбыртпа ойымның шегіне жетіп, сөз соңын Рахат Әбдірахмановтың мына бір тамаша теңеулерімен түйіндер болсам:
Қыздары олар даламның таусылмас жылы бір лебі.
Мәншүк пен Әлиялардың сүйкімді сіңілілері.
Өзінде бәрі ғажаптың, көзінде көркем әлемі.
Ақиқат жалғыз:
Қазақтың қызының бәрі әдемі!
Қазақ қызының табиғатына әбден үйлесетін әдемілік пен ибалықтан ажырап қалмайық...

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста