Бүгінде жастар арасында «қазақ ондай емес еді…» немесе «қазақ әуеліде мұсылман емес еді…» деген сынды өткенді сағынған болып, кері тартпа сөздер айтып, олардың басын қатыру арқылы имандылықтан алыстатуды көздеген топтар бар.
Олардың мақсаты – халық арасында исламофобия тудырып, ақырындап рухани құндылықтардан алшақтату.
Қазақтың тарихы және мәдениетімен біте қайнасқан мұсылманшылықты «қаралауға» күш салуда.
Олардың қазақ мәдениетінде тұнып тұрған қоғамдық, отбасылық, тұлғалық жағдаяттарды қамтыған мұсылмандық әдеп нормаларына қарсы қоятын альтернативалары жоқ болғандықтан «тисе таяққа, тимесе бұтаққа» деп, әйтеуір әр нәрсені бір айтып, халық арасында күмән тудыруға тырысады. Әйтпесе, осы мәселе мына жаһандану заманында талқыланатын нәрсе ме?
Қазақта қанша кірме сөз бен сөз тіркестері бар. Егер бұрын «Алла разы болсын» деп айтпаған болса, оның орнына «Құдай тілегіңді берсін», «Алла жар болсын» деген сияқты тілек айтқан. Айналып келгенде барлығы да жақсы сөз, игі тілек.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ