Қарапайым болыңыздар: Қазақстандықтар жаназада орындалуы тиіс 9 ережені қолдады

Қарапайым болыңыздар: Қазақстандықтар жаназада орындалуы тиіс 9 ережені қолдады

Жуырда Жезқазған қаласының бас имамы Мәди Тоқпанұлы аталған мәселеге қатысты талқылау жұмыстарын жүргізіп, мешітке келген жамағатпен ой бөлісті. Бұл туралы Facebook-те қоғам белсендісі Берік Жағыпаров жазды.

“Жезқазғанның бас имамы Мәди Тоқпанұлының бастамасын қолдамауға болмайды. Бұл жайында елдің бәрі ойлап жүрді, бірақ үнсіз қалды”, – дейді автор.

 

Жағыпаровтың айтуынша, 12 қаңтар күні жұма намазынан кейін бір топ жамағат мешітте қалып, “Жаназа мен онда жасалатын жоралар” тақырыбын талқылаған. Жиын соңында жаназада орындалмауға тиісті жоралғыларды атап, мынадай тоқтамға келген:

1. Жаназа кезінде транспарант, гүл, дауыс зорайтқыш сынды заттармен митинг ұйымдастыруға болмайды. Марқұммен қоштасу митингін жасауға болады, тек мешітте емес.

2. Жаназа кезінде жыртыс таратуды доғару.

Ең арзан қытай матасының бір шаршы метрі 300 теңге тұрады, ал бізде кемі екі шаршы метр мата беру қалыптасқан, яғни жыртыс таратудың өзіне қыруар қаржы кетеді. Ерекше қадірлі қонақтарға барқыт пен өзге де қымбат маталар беріледі, адам басына 2-3 мың теңгеге дейін кетеді. Орта есеппен жаназада 100 жыртыс таратылады. Яғни матаның өзіне 150-200 мың теңге кетеді деген сөз.

Мүмкін бұрынырақта мата беру пайдаға асатын іс болған шығар. Алайда бүгінде ел киімді дүкеннен алады, ал жыртыс тарату ауаға ақша шашумен тең.

3. Бұдан былай жаназа дастарханында торт, жеміс сынды тәттілер болмайды. Қазір қазақтар тіпті осындай мәселеде жарысатын болған. Кімнің жаназасында не қойылды, банан мен апельсин болды ма, жоқ па, талқылауды әдетке айналдырыпты. Жаназадағы дастархан қарапайым болуы керек.

4. Марқұмның жеті күндігін үйде өткізген жөн. Ол үшін кафе, мейрамхана жалға алған дұрыс емес.

5. Жаназа дастарханынан тамақ алып кетуге болмайды. Қалған асты пакетке салып алып кететін қазақтардың бар екені белгілі. Бірақ жаназаға келіп үлгермеген адамдар да болады. Соған бола, үй иелері қайтадан азық-түлік алып, дастархан жаюы тиіс. Қайғыға душар болғаны аздай, адамдар азық-түлікке кететін ақшаны ойлауы керек.

6. Жаназада, қырық күндік пен бір жылдық аста сөз сөйлеу дұрыс емес.

7. Жаназада, қырық күндікте, бір жылдық аста видеороликтер көрсетілмейді.

8. Адам қайтыс болған үйде алғашқы үш күнде дастархан жайылмайды.

9. Автордың айтуынша, аталған жиында ақсақалдар мен мешіт иамамдары жаназада қойылатын дәм тізімін жасаған.

Оның ішінде: бауырсақ, сары май, қант, қалуа, жент, мейіз, кептірілген өрік, печенье мен кәмпит болуы тиіс.

“Бұл бастаманы барша халық қолдауы тиіс. Жаназа байлықты көрсетуден жарыс түрінде емес, қарапайым болып өтуі керек”, – деп бөлісті Жағыпаров. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста