Қадір түнін қалай өткізу керек?

Қадір түнін қалай өткізу керек?

Маусымның 21-інен 22-сіне қараған түні күн батқан уақытта Қасиетті Қадір түні кіреді. Бұл күні Алланың мейірімінен үміт еткен әрбір адам Қадір түні кірместен бұрын толық шомылып, дәрет алып, таза киім киіп, үстіне хош иісті әтір сеуіп, қасиетті түнді күтуге дайындық жасауы тиіс. Қадір түні – ақ пен қараны ажыратып, тура жол көрсетуші «Құран» түскен күн. «Анығында Біз Құранды Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Ол түні періштелер мен Рух Раббыларының әмірімен жерге түседі. Ол таң ағарып атқанша жалғасады» («Қадір» сүресі). Имам Хамд ибн Ахмад: «Бұл түні жер бетіне түскен періштелердің көптігі сонша – жер беті періштелерге сыймай кетеді», - деген.
Бұл түннің қасиеті туралы ғұлама Мужаһит: «Қадір түні – тағдыр түні. Оның бұлай аталуының себебі, Алла тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің ажалы жететінін, кімге қанша ризық-несібе бөлінетінін, тағы басқа үкімдерді белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафиль, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады», ‒ деген. Сол себепті, дұға-тілектерді тек Алладан сұрап, ғибадат етуден ерінбей, Алладан сұрап қалу қажет.
Қадір түнін қарсы алудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл түні Құран оқылып, көптеп зікір айтылып, намаз санын арттыру абзал. «Қадір» сүресі осы түннің құрметіне түскен. Сол себепті «Қадір» сүресін және арнайы Қадір түннің нәпіл намазын оқу мол сауапқа кенелтпек. Қадір түнінің намазы Құптан намазынан кейін, Үтір уәжіп намазынан соң, таң ағарғанға дейін оқуға болады. Қадір түнінің намазы 2 рәкаттан 12 рәкатқа дейін оқылады, намазда Фатиха және Қадір сүрелері оқылады. Қадір түнінің намазынан бөлек бұл түні өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады. Бұл түнді Пайғамбарымыз (ﷺ) ең бірінші Құран оқудан бастаған. Ендеше біз де бұл түні Құран Кәрім оқудан бастағанымыз дұрыс. Құранның қазақша нұсқасын оқып, ондағы жазылған аяттардың мағынасын түсінуге тырысауымыз керек. Бұл түні жасалуы тиіс істердің қатарында намаз оқу, Құран оқу, өткен күнәларды енді жасамасқа тәубе етіп, кешірім тілеу, жалбарынып тілек тілеу керектігін айта аламыз. Мойнында намаз қарызы барлар нәпіл намаз оқымай тұрып, әуелі бес уақыттық қаза намаздарын өтеуі артықшылыққа жатады. Алла елшісі (ﷺ): «Кімде-кім Қадір түнінің артықшылығына сеніп, Алла Тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі», - деген (Бұхари).
Ал, осы түнгі айтылатын арнайы дұғаларға келсек, Айша (р.а.) Пайғамбарымыздан (ﷺ): «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын» деп сұрағанда, Алла елшісі (ﷺ): «Алаһуммә иннәкә афуун, қаримун, түхиббүл афуа, фағфу анни» (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!), - деп дұға етуге кеңес берді (Тирмизи). Ибн Масғұд (р.а. ) Алла Елшісінің (ﷺ) былай деп жиі айтатынын естіген: «Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын» (Муслим).
Бұл түннің шығу тарихы жөнінде мынадай мәлімет бар: Пайғамбарымыз (ﷺ) Алла тағалаға: «Уа, Раббым, менің үмметімнің өмірлері қысқа, амалдары аз» – деп дұға еткен. Сонда Алла тағала Пайғамбарымызға Қадір түнін сыйлады және былай деді: «Қадір түні саған және сенің үмметіңе мың айдан артық» (Сафуату тәфасир, ІІІ т., 1525 бет).
Түннің «Қадір» деп аталуының өзінде терең мән бар. Бұл түнде қадірлі үмметке қадірлі Құран Кәрім түскен. Үмметтің қадірлі болатындығы Пайғамбарымыз (ﷺ) мәңгі сапарға аттанарда, Жәбірейіл періштеден өз үмметі туралы сұрағанда, ол Алла елшісін (ﷺ) екі нәрсемен сүйіншілеген болатын. Жәбірейіл періште: «Алла Тағаланың жәннатына Сен кірмейінше ешбір пайғамбар кірмейді және сенің үмметің кірмейінше ешбір үммет жұмаққа кірмейді» деп сүйіншілеген еді.
Қасиетті Қадір түнінде еліміздің барлық мешіттері ашық болады. Мешітке келіп, уағыз тыңдап, нәпіл намаздар оқып, мешіттегі діни кітаптармен танысу уақытты тиімді пайдаланудың ең тиімді жолы. Онда жайдан-жай отыруға немесе әңгіме айтуға болмайды. Басқаларға бөгет жасап, сондай-ақ тамақ әкеліп, осында тамақтанудың қажеттілігі жоқ. Себебі Қадір түнін мешітте ауыз ашар мен сәресі беріледі. Қадір түнін үйде қарсы алатындар, әйел кісілер ғибадаттарын шын ықыласпен жасауға тырысуы дұрыс. Тұрмыстың кикілжіңдерін шетке ысырып қойып, бұл түнде тек Аллаға құлшылық етуі олар үшін тиімді болмақ. Рухани, діни кітаптар оқып, діни бейнефильмдерді көруге де болады. Мұндағы басты мақсат, түнді ұйқымен емес, қандай амал болса да тек ғибадатпен өткізіп, мол сауапқа кенелу.
Алла барша мұсылманның ғибадаттарын қабыл етіп, мол сауаптан жазсын!

Нұров Махмұт қажы Нұрұлы
Қарағанды қ., «Бала қажы» мешітінің бас имамы

ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста