Қадір кеші не үшін түнде болады?
Исламда әрбір құлшылықтың рухани маңызы мен хикметі (даналағы) бар. Құранда Алла Тағала: «Түнді жамылғы қылдық, Күндізді тіршілікке жараттық», – деп хабар берген (Нәба: 11-12), - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Айша анамыздың риуаятына қарағанда Пайғамбарға (с.ғ.с.) әуелгі кезде аяттар Жәбірейіл арқылы таңның атқан сәтіндей түсінде келіп отырған.
Пайғамбардың (с.ғ.с.) сол арқылы Құдайға махаббаты ашылып, құлшылық жасау үшін оқшауланып Хира үңгіріне баратын болған. Ол жерде бірнеше күн мен түндер бойына құлшылық қылып, кейін үйіне келетін.
Түнде адам демалуы тиіс, алайда Құдай үшін түнгі ұйқыны қиып құлшылық жасау ауыр болғанымен, сауапты іс.
Басқалар түнгі тәтті ұйқыда жатқан уақытта адам ақырын дәретін алып, жайнамазға отырып, жым-жырт тыныштықта Жаратушысына құлшылық етіп, мәнажат қылады.
Пайғамбар (с.ғ.с.) да түн мезгілінде көп құлшылық қылған.