Айша (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әлбетте, көрдегілер азап шегеді, олардың қиналған үнін жануарлар естиді», – деді», – деген1.
Умму Мубашшар (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) (үйіме) кіріп: «Алладан қабір азабынан құтқаруды сұраңдар!» – деді. Сонда мен: «Уа, Аллантың елшісі! Көрде де азап бар ма?» – дедім. Ол: «Әлбетте, қабірдегілер азап шегеді, олардың қиналған дауыстарын жануарлар естиді», – деді», – деген2.
Зәйд ибн Сәбит (Аллаоғанразыболсын): «Пайғамбармен(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге бәріміз бәну нәжжәр тайпасына қарасты ауылдың тұсынан өтіп баражатқанымызда ол кісінің қашыры кенет әлденеден үркіп, Пайғамбарды(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үстінен құлата жаздап жолдан шығып кетті. Сонда анадайданалты-бес, әлде төрт бейіт көрінді. Пайғамбар(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұлар қашан өлгенеді?» – деп сұрады. Жолдастарымыздың бірі: «Мүшріккездерінде», – деді. Сосын Пайғамбар(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әлбетте, бұл үмбет қабірлерінде сыналады. Егер сендер бір-бірлеріңді жерлейтін болмағандарыңда еді, сендерге Алладан өзім естіп тұрған қабір азабын естіртуді сұрар едім», – деді», – деген.
Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қабірлердің жанынан өткенде олардың дауысын есітетін болған. Егер адамдарда қабір азабының даусын есіту қабілеті болғанда, қабірге деген қорқыныштан олар бірін-бірі жерлемей қояр еді.
Жануарлар қабірде азап шегушілердің дауыстарын естігендіктен үй жануарлары топырақты жеп ауырып қалған кезде адамдар оларды яһудилердің, христиандардың, бәну ғұбайттан болған исмайлилер, нусайрилер, қарамиталар және т.б Мысыр, Шам жерлеріндегі мұнафықтардың мазарларына апаратын. Себебі жылқысы барлар олардың бейіттерін яһуди, христиандардікімен бірдей көретін. Олар жылқы қабір азабын естіген кезде қатты қорқып сілкініп, шыңғырады, сол кезде оның ауруы кетеді.
1 Әл-Бұхари, Муслим.
2 Ахмад, Ибн Хиббан.
3 Муслим, Ахмад.