Пайғамбар (с.ғ.с.) әзілдеген бе?
Әзілдің зілі жоқ, жеңіл әрі достық ниетті білдіруі қажет, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Пайғамбар (с.ғ.с.) әзілді белгілі шеңберде құптаған, яғни адамның намысына тиетін, ар-ожданды қорлайтын немесе орынсыз сөздер айтпаған.
Мысалы, белгілі сахабалардың бірі Әбу Сағид әл-Худурий Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп:
«Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Түсімде мен «Сод» сүресін оқып отыр екенмін. Қасымда қалам, сия сауыт және тал бар екен деймін. Мен сүредегі сәжде аятына жетіп, оны оқығанымда әлгі қалам, сия сауыт және ағаш барлығы да сәжде жасады», – дейді.
Сонда Алланың елшісі (с.ғ.с.) күлімсіреп:
«Уа, Әбу Сағид! Ағаш, қалам және сия сауыт сәжде жасаған уақытта, тек сен сәжде қылмадың ба?» – деп әзілдеп айтқан екен.